23.Латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің кейбір дыбыстардың таңбалау жүйесін «SWOT» талдау арқылы түсіндіріңіз.
Жағымды жағы Қазақ тіліндегі дыбыстарды белгілеу үшін пайдаланылған әріп таңбалары халықаралық фонетикалық әліпби базасындағы таңбалармен толық сәйкес аталған әрбір диакритикалық белгінің халықаралық деңгейдегі жалпы қабылданған ортақ фонетикалық мәні болғандықтан дыбыс мазмұнын дәлме-дәл бере алады.
Әлсіз жағы Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіндегі негізгі латын әріптерін сақтау принциптері немесе әліпбиге диаграф-полиграфтарды енгізбеу принципі.Осындай,яғни ұсынылған жобада осы принциптердің біреуі қалыс қалып немесе толықтай ескерілетін болса,онда бұл жобаны жаңа әліпби құру принциптеріне сәйкес келмейді деп есептеуге болады.
Мүмкіндіктері Біз тілімізді компьютерге емес,компьютерді тілімізге икемдей аламыз.Барша түрік халықтарымен қарым-қатынасымыз жақсарады.
Қауіп-қатері Жаңа әліпби құру принциптерінің ішінде негізгі,яғни базалық болып саналатын типі кейбір ауытқуларға жол береді.
24.Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері,жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылықтарын «Т кестесі» стратегиясы арқылы көрсетіңіз.
Қадим жазуы
Жәдид жазуы
35 таңба болды.
Бұл классикалық араб әліпбиі негізінде емес,жалпы түркілік әліпби болды.
Оның 28-і араб әліпбиіне сәйкес,4-і парсы әліпбиіне сәйкес,1-і ауған жазуынан алынды.
Араб,парсы тілдерінен енген сөздер сол тілдегі негізгі тұлғаларын сақтап қолданған.
Ж әрпі орнына и таңбасы,с әрпі орнына ш таңбасы жазылып кеткен.
Түбірдің соңы қандай дыбыс болса да қосымша ұяңнан не үндіден басталған.
Араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес келе бастаған,демократияланған түрі.
Дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес,таңба арқылы беріліп,жазуда хатқа түсіп отырды.
Араб,парсы сөздерінің тілімізге икемделіп,өзгеріске ұшыраған түрі таңбаланды.
Ң дыбысы қадим жазуындағыдай сегіз түрлі таңбалар арқылы емес,екі түрлі таңбамен берілді.
Араб әліпбиі басы артық таңбаларды қолданбады.