1. Жүйелер теориясының негізгі элементтерін нақтылап көрсетіңіз. Жүйенің қасиеттерін атаңыз және әр қасиетіне сипаттама беріңіз


Ақпараттық жүйелердің компоненттерін атаңыз және ашып жазыңыз. Ақпараттық жүйелердің функцияларын сипаттаңыз



бет9/28
Дата30.09.2023
өлшемі2,1 Mb.
#112038
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Қосымша мәліметтер

8. Ақпараттық жүйелердің компоненттерін атаңыз және ашып жазыңыз. Ақпараттық жүйелердің функцияларын сипаттаңыз.
Ақпараттық жүйенің компоненттері дегеніміз ақпараттық жүйе құрайтын мәліметтер қоры, ақпараттық процессорлар және концептуалды схема.
Ақпараттық процессор - алынған командаға жауапты мәліметтер қорымен және концептуалды схемамен бірге іздейтін механизм. Ақпараттық процессор есептеу жүйесінен және мәліметтер қорын басқару жүйесінен тұрады.Концептуалды схема (концепт - түсінік) мәліметтер қорында сақталынатын ақпарат бірліктерінің құрылымын сипаттайды.
Кіріс ақпараты дегеніміз құжаттар түрінде берілетін мәліметтер және ақпараттар. Шығыс ақпараты дегеніміз ақпараттық жүйенің қызметінің орындалу барысында алынатын басқару жүйесіне қажетті ақпараттар.Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі ақпараттық байланыстардың қозғалысы мен өңдеуден кейін графикалық түрде көрсетіледі. Жабдықтаушы бөлімінде программалық жабдықтамалар мен есептеу жүйесі сипатталады.
Ақпараттық модельдің бірнеше түрлері бар:
1.Концептуалды модельде блок-схемалар, граф, кесте қолданылады.
2.Логикалық модельде ақпараттық жүйені жобалау және талдау жүргізіледі.
3. Математикалық модель – үлгіленетін процесс параметрлерінің арасында жазылған мәліметтер.
4. Алгоритмдік модель математикалық модельдің құрамына кіреді.
Пәндік сала дегеніміз материалды жүйенің элементтері, яғни олар туралы ақпарат ақпараттық жүйеде сақталынады.
Ақпараттық жүйелердің негізгі функцияларына ақпараттық ресурстарды жинау, тіркеу, сақтау, өңдеу функциялары, сонымен қатар қолданушылардың сұраныстарын қанағаттандыру функциялары жатады.
Жинау және тіркеу функциялары пәндік сала туралы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді. Функцияны іске асыру ақпарат көзінен тәуелді. Ақпарат көзі ретінде электронды және қағаз түріндегі тасығыштарды алуға болады. Осы функциялар ақпараттарды бақылауды, сығуды, конвертация жасауды қамтамасыз ету қажеттілігі байланысты. Ақпаратты бақылауды қамтамасыз ету – бұл бірнеше ақпарат көзін қолданғанда мәліметтерді ақпараттық жүйеге жүктеуді дайындау және мәліметтерді өңдеу стадиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет