Ақпараттық жүйелердің классификациясы: Ақпараттық жүйелерді әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. Ақпараттық жүйелер төмендегі белгілер бойынша классификацияланады:
басқару процесстерінің түрлері ақпараттық процесстерді автоматтандыру дәрежесі есептеу ресурстарын бөлу тәсілі функционалды белгісі.Басқару процесстерінің түрлері бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді:
Технологиялық процесстерді басқарудың ақпараттық жүйелері әр түрлі технологиялық процесстерді автоматтандыруға арналған. Ол иерархиялы жүйе түрінде беріледі.
6.Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты кодтау. Кодтау түрлерін атаңыз және анықтамаларын беріңіз. Мысал келтіріңіз. Кодтау дегеніміз объектілерді ықшам түрде көрсету мақсатымен оларға символдық белгілеулер (код) беру үрдісі.
Код – белгілер жиынтығы көмегімен классификация объектілерін шартты белгілеу.
Әрбір код үшін анықталады:
1. Код ұзындығы- кодтық белгілеулердегі белгілер саны;
2. Код разряды- кодтық белгілеулердегі белгінің орны;
3. Код алфавиті- цифр, әріп түрінде берілген белгілер;
4. Код құрылымы - кодтық белгілеулердегі белгілердің орналасу реті.
Қайта кодтау дегеніміз бұрын кодталған объектіге жаңа кодтық белгі беру үрдісі.
Кодтау жүйесі – объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.
Кодтау жүйесінің құрылымы: Реттік, сериялы реттік, тізбектік кодтау жүйелері иерархиялы классификациялау жүйелеріне жатады. Ал параллельдік кодтау жүйесі фасеттік классификациялау жүйесіне жатады.
Кодтаудың реттік жүйесі өте қарапайым. Жүйедегі объектілер кему және өсу ретімен кодталады. Кемшілігі: көп белгісі бар номенклатураларға қолдана алмаймыз, классификация позициясын кеңейту мүмкін емес және есте сақтау қиын.
Кодтаудың сериялы реттік жүйесі объектілерге резервтік код беру арқылы жүргізіледі. Бұл номенклатураның классификациясының бұзылуынан сақтайды. Кемшілігі: көп белгісі бар номенклатураларға қолдана алмаймыз және есте сақтау қиын.