Тізбектік кодтау жүйесінде төменгі тұрған элемент жоғарыда тұрған элементке бағынады. Сәйкесінше, төменгі топтың коды жоғары топтың кодын өзіне қосу арқылы түзіледі.
Артықшылығы: кодты берудің қарапайымдылығы және оны есте сақтау оңай.
Кемшілігі: кодтың ұзындығы. Кодтаудың параллельдік жүйесі бірнеше тәуелсіз белгілерді сипаттайтын номенклатураларды белгілеу кезінде қолданылады. Жеке жағдайы – шахматты кодтау жүйесі.
Кемшілігі:код көлемін толық қолданбау. Кодтарды жобалау кезінде төмендегі талаптарды ескерген жөн:
кодтау жүйесі объект жөнінде барлық ақпараттарды қамтуы қажет;
жаңа позицияларды қосу үшін резервте орын сақтауы тиіс.
Жоғарыда айтылған классификациялау және кодтау жүйесінің көмегімен ақпараттардың классификаторы тұрғызылады.
7.Жоба және жобаларды басқару анықтамасын беріңіз. Жобалардың классификациясын толығымен ашыңыз. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістерін атаңыз және сипаттаңыз. Ақпараттық жүйені жобалау көлемді, ұзақ уақытты алатын динамикалық процесс. Қазіргі кезде қолданылып жүрген жобау техникасын сатылап тұрғызуға негізделген.
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері – бұл жобалаудың сәйкес жабдығын қолдану арқылы ақпараттық жүйелерді құру әдістері. Ақпараттық жүйелерді жобалауда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану сапалы жүйені құруға мүмкіндік береді. Жобалау әдістері 3-ке бөлінеді:
Ерекше жобалау әдісінің көмегімен жеке жобалауды тұрғызамыз. Жеке жобалау басқару объектісінің барлық ерекшеліктерін қамтуға мүмкіндік береді.
Типтік жобалау әдісі жуйені құрамдас компоненттерге бөлу арқылы жүргізіледі. Құрамдас компоненттерге ішкі жүйелер және алгоритмдер жатады. Типтік жобалау кезінде дайын жобалау шешімдері қолданылады.
Ақпараттық жүйелерді құрудың жаңа бағытына жобалаудың автоматизациялау әдісі жатады. Бұл әдісті модельдік жобалау деп те атайды. Бұл әдістің артықшылығы ақпараттық жүйе сенімді жүйе болады
Ақпараттың классификаторын және кодын жобалау - ақпараттық жүйелердің ақпараттық жабдықтау бөлімінің маңызды мәселесінің бірі.
Ақпараттық жүйелер икемділік, сенімділік, тиімділік, қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Кәсіпорынның жаңа талаптарына, жаңа шарттарына байланысты ақпараттық жүйелердің икемделуі икемділік қасиетіне тән. Егер ақпараттық жүйелерді құру кезінде құжаттандыру әдістері мен жалпыға бірдей жабдықтарды қолданатын болса, онда бұл шарт орындалады. Жүйені модернизациялауға болады деген сөз, яғни жүйеге ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) өзгерістер енгізе алады. Ақпараттық жүйе ерте ме, әлде кеш пе тозады, сол кезде оны модернизациялау мүмкін болмаса, онда оны толығымен ауыстыру қажет. Ақпараттық жүйенің сенімділігі “техникалық себептермен“ мәліметтердің жоғалмауын қамтамасыз етеді. Сенімділік талабы сақталынатын ақпараттың резервті көшірмесін алу арқылы қанағаттандырылады.