Құқықтық жабдықтау- ақпараттық жүйелерді құқықтық жағынан қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтау- ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдардың, тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.
Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз АЖ-ны тұрғызу (жобалау) мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістері мен жабдықтардың жиынтығы.
5.Классификациялау жүйесінің негізгі түсініктері. Классификациялау жүйесінің құрылымын ашып жазыңыз. Ақпараттың классификаторын және кодын жобалау - ақпараттық жүйелердің ақпараттық жабдықтау бөлімінің маңызды мәселесінің бірі.
Ақпаратты классификациялау мәліметтер қорындағы ақпаратты өңдеу мен іздеуді жеңілдету үшін қажет.
Кодтаудың мақсаты – ақпаратты ықшам және ыңғайлы түрде көрсету.
Классификация – бұл объектілер жиынының ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша ішкі жиындарға бөлу.
Классификация объектісі – бұл классификацияланатын жиынның элементі. Классификация белгісі – бұл классификация жүргізілетін объектінің қасиеті немесе сипаттамасы.
Классификациялау жүйесідегеніміз объектілер жиынын ішкі жиындарға бөлу ережелері.
Классификациялау жүйесінің құрылымы: Классификациялаудың иерархиялық жүйесі деп классификациялық топтастырулар арасындағы иерархиялық қатынасты орнататын классификацияны айтады. Топтаманың төменгі сатысындағы объект жоғары тұрған орынға бағынады және қайталанбайды.
Классификациялаудың фасеттік жүйесінде объектілер жиынын тәуелсіз ішкі жиындарға бөлу орындалады.
Классификациялаудан кейін таңдалған кодтау жүйесіне сәйкес ақпараттық бірліктерді кодтау жүргізіледі.
Классификатор – бұл кодтық біріктірулер мен олардың классификациялық топтамалары бойынша кодталатын объектілер атауларының жүйеленген жиынтығы. Басқару деңгейі мен қолдану саласына байланысты жергілікті, салалық және республикалық болып бөлінеді.