1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Несепағар, несепқуық, несеп шығаратын өзектің және тостағанша-түбекше жүйесінің функциясы



бет113/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

63.Несепағар, несепқуық, несеп шығаратын өзектің және тостағанша-түбекше жүйесінің функциясы.

Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үздіксіз жасалады, бірақ оның организмнен шығарылуы белгілі бір уакыт арасында орындалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тәулігіне 2-3 рет, ал балаларда жас ерекшелігіне қарай жиі шығарылады. Несеп шығаратын мүшелерге несепaғap, қуық және шығаратын түтік жатады. 

     Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтіктерден тостағаншаларға өтеді, тостағаншалар толып жиырылуынан, бүйрек түбегі арқылы несепағарға ауысады. Несепағардың толқынды жиырылуынан аз көлемде несеп 2-3 мм/с жылдамдықпен қуыққа құйылады.

    Қуық уақытша несеп жиналатын, iшi қуыс, көлемді мүше. Heceп қуықта ешқандай өзгеріске ұшырамайды, кері сіңбейді, коюланбайды. Оның төменгі жағында несеп шығаратын түтікте сақина тәрiздi бiрыңғай салалы ет талшыктарынан тұратын iшкi сфинктер бар. Ішкі сфинктерден сәл төменірек, көлденең жолақты ет талшыктарынан тұратын ерекше түрде жиырылатын сыртқысфинктер бар. Бұл қуық кернеуінен артык несеп жиналғанда, қатты жиырылып несеп ағуына кедергі жасайды. Несеп шығару уақытында сфинктер рефлекстік жолмен босаңсып, еттері жиырылып, қуық босатылады. Бiрыңғай салалы ет талшықтарынан жасалған iшкi қуыс мушелері сияқты, несеп құйылып көлемі артқанмен қуық кабырғасының кернеуi aca өзгермейдi. Бiрыңғай салалы ет талшықтарынан тұратын еттердiң бұл қасиетiн пластикалық тонус (кернеу) деп атайды. Сондықтан да қуыққа түскен несеп мөлшерi, оның кернеу артуына дәлме-дәл емес. Қуыққа несеп толған сайын, оның алғашкы мезгілін де қысым өзгермейді. Одан әрi, ересек адам куығына 250-300 мл шамасында несеп жиналғанда, қуық қабырғасындағы еттердiң кернеуі артып, оның ішіндегі қысым 15-20 см су бағанасына дейiн көтерiледi.

Мұндай жағдайда, қуық-қабырғасында орналасқан баро-механорецепторлардың тітіркенуiнен рефлекстік жолмен арнайы механизм арқылы бір уақытта куық еттері жиырылып, ал несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет