1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Асқазанның қозғалысы, оның реттелуі



бет136/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   169
Асқазанның қозғалысы, оның реттелуі.

Қарын қабырғасындағы бірыңғай салалы еттер қарынға келіп түскен асты шырынмен , араластырады. Қарын сөлі сіңген соң оның қарыннан ішекке көшуін қамтамасыз етеді. Асты жұтқан сәттен бастап қарың еттері біразға дейін босаңсиды , мұны астың рефлекстік релаксациясыдеп атайды . Одан әрі тағам түріне карай қарың қимылы күшейе бастайды . 

Қарын еттерінің жиырылуы фазалық және тонустық жиырылу болып екіге бөлінеді:

• Фазалық жиырылу дегеніміз негізінен перистальтикалық жиырылу, яғни толқын тәрізденіп бүлкілдеу. Минутіне үш толқын пайда болады. 

• Тонустық жиырылу көпке созылады , және жиірек ( минутіне 6—7 рет ) байқалады . Ішіне баллон енгізіп , қарын қимылын , қарын қуысының қысымын манометрмен өлшеп , тіркей отырып , үш түрлі қимыл толқынын жазып алуға болады. Толқан биіктігі, жиырылу күші мен қарын қысымын көрсетеді . Толқындардың біреуі онша биік емес , небәрі 5—20 секундке созылады , ал екінші бір толқын бұдан ұзағырақ ( 12-60 ) және биіктеу келеді. 

Бұлардың екеуі де перистальтикалық қимылдар , шырышты қабық бетіндегі асты жоғарыдан төмен қарай жылжытып отырады, бірақ қарын қуысындағы асқа әлі келмейді , толқынның үшінші түрі күрделірек және 256 ұзаққа ( 6-7 мин ) созылады . Бұл толқын қарын қысымы күшейген кезде пайда болады , оның әсерінен қарын пилорусы әлсін - әлсін жиырылып, астың он екі елі ішекке өтуін қамтамасыз етеді. Қарын қимылын кезеген жүйке күшейтеді , ал симпатикалық жүйке тежейді. Қарын релаксациясы кезеген жүйкенің қозуынан, гуморальдық заттардан ( гастрин , мотолин , инсулин , серотонин ) қарын қимылын күшейтеді , ал секретин , панкреозамин , пептидтер тежейді .

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет