1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


 Қанның физикалық-химиялық қасиеттері (осмостықжәне онкотикалық қысым, қан тұтқырлығы, рН). Эритроциттердің осмостық резистенттілігі



бет157/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

85. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері (осмостықжәне онкотикалық қысым, қан тұтқырлығы, рН). Эритроциттердің осмостық резистенттілігі.
Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялык қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, тек эритроцит iшiндегi гемоглобиннiң әртүрлі газдармен, басқа да химиялык заттармен реакцияга түсіп, тиiстi қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанының ашық қызыл түсі қанда окскгемоглобиннiн (гемоглобинмен оттег косындысы ННО), вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің (гемо глобин мен кемір қышқылды газдың қосындысы — НН СО») кө бірек болуына байланысты. 

Қаннын физикалық қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың денгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның  бұл қасиетi кан түйіршіктерiнiн, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердiң мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2.

Жана туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шыға ды, осыған орай оның қаны коюлап, эритроциттер саны көбейедi де, қан тұтқырлығы 10,0-14,8-ге жетедi, бiрақ 5-6 куннен кейiн 8,6-8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң есейген баланікiмен теңеледі (4,6-5).

Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі — осмостық қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасына мембрана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетiн күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы (бетiндегi) ерітінділерде ерiген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Ерітіндінің осмостық концентрация мен осмостық қысымының аз-көптiгi epiген бөлшектердiң химиялық тегіне емес, жалпы санына байланысты, epiген заттардың иондар саны неғұрлым көп болса, оның осмостық кысымы соғүрлым жоғары болады. Каннын осмостық кысымының 60%-1 ас тұзы (NaCl) иондарына байланысты. Плазма құрамында белок көп (7,2-8,5%). Бiрак оның молекулалары iрi болатындықтан саны бейорганикалык зат иондарының санынан аз, сондықтан қаннын жалпы осмостық кысымының 1/200 бөлiгi ғана белок кысымына байланысты. Қанның осмостық кысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Әдетте қанның қату температурасы 1 (депрессия көрсеткіш) 0,56 -0,58ºС. Бұл шамада қанның осмостық қысымы 7,5-7,6 атмосферага тең.Қан клеткалары мен плазманың осмостық кысымдары бірдей (тен). Қанның белок молекулалары тудыратын осмостық қысымы коллоидтык-осмостық қысым деп аталады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет