1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Тері және оның туындыларының құрылысы және физиологиясы



бет156/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

84.Тері және оның туындыларының құрылысы және физиологиясы.
Терi өте күрделi құрылым адам мен жануарлар организмінін сыртқы жабыны.

Ересек адамда онын көлемі 1,5-2 м², дене салмағынын 4,5-5%, немесе 4-5 кг.

Тері қосалқы құрылымдармен май, тер бездерi, түктер, тырнақ бірге толып жаткан әртүрлі қызмет атқарады. 

 

Тері қызметтері:

-Ең алдымен тері организмнiң iшкi ортасын сыртқы әсерлерден сақтап, қорғаныс қызметін атқарады. Бұл оның өте жоғары механикалық беріктігіне, серпімділігіне байланысты ультракүлгін сеулелер, радиациялык, электрлік т.б. толып жаткан физикалык түрткілерге қарсы тұруы.

-Терiнiн негiзгi маңызды қорғаныс қызметiне оның бактерияларға тосқауыл болуы жатады. 

-Тері организмнің иммунлық жүйе кызметін арттырып, кейбір химиялык заттардын зиянды әсерін әлсіретеді. Ол тыныс алу, сіңіру (абсорбциялык), шығару кызметтерін атқарады. 

-Терінің кан және лимфа тамырларында қан мен лимфа уақытша іркіліп жиналуы мүмкін, бұл онын деполык кызметі

-Тері энергия алмасуының реттелуiне катысады.

 

Теріде толып жаткан әртүрлі қызмет атқаратын қабылдағыштар орналаскан. Терi сезiм мүшесiнiң өте маңызды бөлiмi болып есептеледі, олар сырттан келген тітіркендіргіштерге шартсыз және шартты рефлекстік қорғаныс әсерленiсiн пайда етедi.



 

Терi тер бездері арқасында организмдегі шығару мүшесінің бірі болып есептеледі.

 

Тер бездері. А.Поликардтын зерттеулері бойынша тер бездерінің жалпы тер бөліндіру көлемі 5 м² жуык.

Тер бездері қызметі:

- Олар жылу алмасуды реттеуге катысады. 

-Тер бездері зат алмасудын сонғы ыдырау өнімдерін шығаратын мүше. Қалыпты физиологиялык жағдайда бұл тер бездерінің сөлініс кызметі

-Термен бірге артық су, тұз, қышкыл өнімдері шығарылады. Осының нәтижесінде тер бездері сілті-қышқыл теңдігін, осмостык гомеостазды бірқалыпты сақтайды

 

Сыртқы ортаның температурасы жайлы болғанда (18-20) адамда орта есеппен тәулігіне 500 мл тер бөлінеді. Бөлінетін тер мөлшері, сырткы орта температурасына және организмнiн жалпы жағдайына байланысты. Ыстык цехтарда, жылы камераларда бөлінетін тер мелшері 2,5 л, кейде 1,5 сағатта 8-12 л жетуі мүмкін. Тер сонымен бірге бұлшыкет қызметiне, ішкен тамақ құрамына, оның мөлшерiне, эмоциялык жағдайларға байланысты.



 

Тер түссіз, сұйык зат, құрамында 98-99% су, 0,3% жуық NaCI, 0,1 мочевина, КСП, несеп кышкылы, креатинин, тез ушатын май кышкылдары болады. Тердің әсерленісі қышқыл (рН-3,8-6,2), м.с. 1,0001-1,0006. 

 

Тердiн бөлiнуi рефлекс аркылы реттеледі. Сырткы және ішкі қабылдағыштардан көбіне жылу және ауырсыну кабылдағыштарынан серпiнiс гипоталамус, сопакша ми және жұлындагы тер бөлiндiретiн жүйке орталыктарына беріліп, эфференттік, симпатикалык жүйке арқылы тер бездерінің тер бөлуін күшейтеді. 



 

Физиологиялык калыпты және ауру жағдайда:

ангидрозани -тер бөлiнудiн толык токтауы

гипогидрозани -тердін жеткіліксіз бөлінуі

гипергидрозани- тердің көп бөлiнуi болады. 

- Кейде жұлын сегмент функциясының бұзылуына байланысты, локалды, регионарлык тер бөліну бұзылады. 

 

Тер бөліну жылдамдығын иод-крахмал мен минор сынамасын қолдану аркылы және адам салмағынын белгілі бір уакыт арасында өзгеруiне қарай бақылап анықтайды.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет