Эритроциттердің осмостық төзімділігі (резистенттігі)
Бұл көрсеткішті әртүрлі концентрациялық натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндісіне эритроциттерді батыру арқылы анықталады. Гемолиз 0,46% ерітіндіде басталады да (эритроциттер төзімділігінің төменгі не минималды шегі) және 0,30% ерітіндіде (толық гемолиз) тоқтайды (эритроциттер төзімділігінің максималды шегі). Осмостық төзімділіктің төмендеуі гемолиздік, токсикалық, В12-дефицитті анемияларда және миелолейкозда кездеседі. Осмостық төзімділіктің артуы гипохромиялы темірге мұқтажды анемияларда кездеседі.
Эритроциттердің осмостық резистенттілігі:
• минималдық – 0, 42 -0, 48% NaCl
• максималдық – 0, 32 -0, 34 % NaCl
86. Ішектегі асқорытудың ерекшеліктері. Ішек сөлі, оның құрамы мен қасиеті. Ішектегі қабырғалық асқорыту.
Достарыңызбен бөлісу: |