1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Өкпенің механорецепторлары, оның тыныс алу жиілігі мен тереңдігінің өзіндік реттелуіндегі маңызы. Геринг және Брейер рефлекстері



бет31/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   169
15.Өкпенің механорецепторлары, оның тыныс алу жиілігі мен тереңдігінің өзіндік реттелуіндегі маңызы. Геринг және Брейер рефлекстері. 

1868 жылы неміс ғалымдары Геринг пен Брейер иттің өкпесін ауаға толтырып керсе немесе оның бүйіріне пневмоторакс жасап өкпенің көлемін кішірейтсе дем алу және дем шығару кезендеріөзгеретінін байқаған. Өкпені ауамен кергенде үш түрлі рефлекс пайда болады.



1. Инспираторлық тежеу рефлексі - өкпені ауамен керген сәтте организм кенеттен дем ала алмай қалады.

2. Өкпені дем шығару кезінде керсе, келесі жолғы дем алу сатысы кешеуілдейді де, дем шығару сатысы созыла түседі. Мұныэкспираторлық жеңілдеу рефлексі деп атайды.

3. Дем алған сәтте өкпені қаттырақ керсе, инспираторлық еттер шектен тыс қатты қозады да ит дірілдеп демін қатты ішіне тартып жан ұшырады (Хэд парадоксы). Ал өкпенің келемікпневмотаркс арқылы кішірейтсе, дем шығару қысқарады, бірақ дем алу ұзарады, яғни келесі жолғы дем алу сатысы тездейді.

Бұл өкпе кішіреюіне берілген рефлекстік жауап.Өкле көлемі өзгерген сәтте оның ішіндегі керу рецепторлары (механорецепторлар) қозып тітіркенеді, бұдан пайда болған сигнал тыныс орталығына кезеген жүйке аркылы жетеді; Кезегенжүйке серпіністері дем алған, дем шығарған сәттерде тіркелетін болса, олар дем алған кезден бастап жиілейді, дем ішке қатты тартылған сәтте шектен тыс жиілейді де дем шығарысымен бір-тіндеп сирей бастайды .

Сонымен, Геринг пен Брейер рефлекстері өкпенің керу рецепторларынан кезеген жүйке арқылы тыныс алу орталығына жететін сигналдардың тыныс алу жиілігін реттейтіні және дем алу мен дем шығару сатылары нақты бір кезекпен алмасып отыратыны; өкпеден орталыққа баратын серпіністер санына байланысты өкенін көрсетеді. Сондыктан Геринг пен Брейер рефлекстері өкпенің өзін-өзі реттеу рефлекстері деп те аталады.

Соңғы уақытта екпенің кернеу рецепторларының тыныс алу орталығына тигізетін әсері, оның механизмі туралы мәліметтер көбейіп барады Өкпеден келіп түскен сигналдар қозу барысындаинспираторлық орталыққа жетеді де оның инспираторлық тежеу нейрондарын (I - B) коздырып, инспираторлық орталыктың а клеткаларын тежейді де, оның экспираторлық орталықты тежейтін әсерін тоқтатады, Мұныменқатар өкпеден шыққан сигналдар экспираторлық орталыққа да барып қозу әрекетін күшейтеді. Инспираторлық орталықтың қозуы тежеледі, ал экспираторлық орталық қоза түседі. Инспираторлық орталық қозысымен экспираторлық орталық тежеледі.Жаңа туған нәрестенің бір жұма бойы тыныс жиілігін реттеуде, әсіресе тыныс шығару кезеңін қысқартуда Геринг пен Брейер рефлекстерінің маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет