21.Барометрлік қысымның жоғарылауынан тыныс алу өзгерістері.
Ауаның қысымы жоғарылау адам су астында, кессондық жқмыс кездерінде байқалады. Су астына түскенде әрбір 10 м тереңдікте судың адам денесінің бетіне қысымы 1 атм жоғарылайды, яғни 90 м тереңдікте болғанда адамға 10 атм қысым әсер етеді.
Суда жүзу костюмімен адам су астына түскенде судағы жоғары қысымға сәйкес ауамен ғана дем алады. Мысалы, 100 м тереңдікте адам қысымы 10 атм көп газдық қоспамен дем алады.Бұл жағдайда қанда еріген оттегі, әсіресе еріген азот мөлшері артады. Сондықтан, суға терең түскенде дем алу үшін гелий-оттегілік қоспасын қолданады. Гелий қанда мүлдем ерімейді. Гелийге оттегіні тереңдікте оның парциальдық қысымын кәдімгі жағдайдағы қысымға жақын болуын тудыратын мөлшерде қосады. Таза оттегімен тек 20 м тереңдікке дейін ғана дем алуға болады, әрі қарай ол уытты әсер береді, еттер сіресіп қалады.
Арнайы көңіл бөлуді талап ететін аса үлкен тереңдіктердегі жұмыстан кейін адамды жоғары қысымнан қалыпты қысымға ауыстыру керек. Егер, суда жүзгіш 160 м тереңдікте тек 1 сағат қана жұмыс жасаса, онда оның кері қайтуына 3 тәулік қажет – осынша уақыт ол барокамерада болуы керек.
Қазіргі кезде 500 м тереңдікте ұзақ уақыт, яғни 15 тәулік бойында 50 атм қысымда болу дүниежүзілік жетістік болып саналады. Бұл кезде гелий қоспасымен дем алады, онда оттегінің мөлшері 2%ғана болады.
Тереңдіктен су бетіне шыққанда дауыс саңылауы жабық болса, өкпелер керіле-созылып, альвеолалар жарылып кетуі мүмкін (барожарақат). Жүзгіш су бетіне тез көтерілсе (тез декомпрессия) қан мен ұлпаларда еріген газдар организмнен шығып үлгермейді және көпіршітер пайда болады. Оттегі және көмірқышқыл газдары онша қауіпті емес, өйткені олар қанмен, ұлпалармен тез байланысып кетеді, ал азот көпіршіктері аса қауіпті болады. Азот көпіршіктері қанмен таралып, ұсақ тамырларды бітеп тастайды (газдық эмболия), бұл өмірге аса қауіпті. Тез декомпрессияға байланысты дамитын жағдай кессон ауруы деп аталады. Еттерде ауырсыну болады,бас айналады, құсады, ентігіп, есінен танады, ауыр жағдайларда параличтер дамуы мүмкін. Кессон ауруының белгілері пайда бола бастаса, дереу қайтадан зардап шегушіні жоғары қысым жағдайына әкелу керек (көтерілгенде қандай тереңдікте болған жағдайда), азот көпіршіктері еру үшін, сосын баяу декомпрессия тудыру керек. Декомпрессиялық синдром 7000 м биіктікте ұшып келе жатқан самолет кабинасын кенеттен тез ашса байқалады. Бұл кездерде оттегілік маскалар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |