ВЖЖ ФУНКЦИЯЛЫҚ МӘНІ
ВЖЖ ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, қарама-қарсы әсер етеді.
Симпатикалық жүйке – жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке – сиретіп, әлсіретеді. Бірақ абсолюттік антогонизм жоқ. Симпатикалық жүйке ішек жиырылуы күшейген кезде оны әлсіретеді н/е тоқтатады. Симпатикалық жүйке көз қарашығын кеңейтеді, парасимпатикалық жүйке оны тарылтады.
Кейде осы ВЖЖ бөлімдерінің әсері бөлінетін медиатор түріне және олар әрекеттесетін рецепторлар түріне, ыдырататын ферменттің әлсіз-күштілігіне де байланысты болып келеді.
ВЖЖ- зат алмасу реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция(ыдырау) , ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция(түзілу) процестерін күшейтеді.
*Симпатикалық жүйке – зат алмасу қарқынын күшейтеді, парасимпатикалық бәсеңдетеді.
Симпатикалық жүйке – трофикалық (қоректік) әсер етеді. Оны Павлов дәлелдеген.Ол симпатикалық жүйке жүйесін – трофикалық жүйке деп атайды, кейіннен Орбели, Сперанский зерттейді.
Жұлынның сегізкөз сегменттерінде зәр, нәжіс шығару және жыныс қатынасы орталықтары орн.
Достарыңызбен бөлісу: |