2.2.5. Екі дайындама әдісі Өлі уақытты екі дайындама әдісімен анықтау кезінде
дайындаманы жеке қойып өлшеген санау жылдамдықтары мен қосындысымен осы екі дайындаманы бірге қойған кездегі санау жылдамдығын салыстырады.
Өлі уақыт есесінен кейбір импульстердің жоғалуын ескеріп, мынадай қатынастар жазуға болады; мұнда фондық санау жылдамдығы.
болғандықтан
Бұл теңдеуді, с. өте кішкентай шама екенін ескеріп, оның шаршысы мен одан жоғары дәрежелері кіретін мүшелерді елемей, үшін шешсек:
2.3. Жұмысты орындау әдістемесі 2.3.1. Құрал жабдықтар:
а) СТС-6 Гейгер санағышы;
б) жоғары кернеу көзі;
в) бір арналы санағыш қондырғы ПСО2-5.
2.3.2. Қолданылатын аспаптардың жұмыс істеу принциптері олардың техникалық сипаттамаларында келтірілген. Олар зертханаларда бар.
2.4. Жүмысты орындау тәртібі 2.4.1. Санағыштың санау сипаттамасын ондағы кернеуді 330 бен 350 В арасында 5 В-тан, ал 350 мен 420 В арасында 10 B-тан өзгертіп отырып түсіріп алу керек. Ол үшін кернеудің әр мәні үшін 0,5 минут ішінде саналатын импульс санын 3 реттен өлшеп алу керек.
2.4.2. Осы мәліметтерді пайдаланып, санағыштың санау сипаттамасын сызу керек.
2.4.3. Осы сипаттамадан санағыштың жұмыс кернеуін анықтау керек. Ол санағыштың сипаттамасының көлбеулігі ең аз бөлігінің ортасына сәйкес келеді.
2.4.4. Санағыштың өлі уақытын анықтау үшін екі препарат әдісі бойынша тәжірибе жасау.
2.4.4.1. 2.4.3. пунктында анықталған кернеуді санағышқа қою керек.
2.4.4.2. Мына жағдайлар үшін импульстардың сандарын 30-секундтан 1-реттен өлшеп шығыңыздар:
а) фон () (қорғасын үйшікте препарат жоқ).
б) бірінші радиоактивті препарат () (қорғасын үйшікте бір препарат бар).
в) екі препарат () (қорғасын үйшікте екі препарат та бар)
г) екінші препарат () (қорғасын үйшікте екінші препарат қана бар).
Кесте 2.1.