1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


а ) Ұйқыбез және он екі елі ішек веналары - ұйқыбез басынан және он екі елі ішектен.  б)



Pdf көрінісі
бет34/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   119
а ) Ұйқыбез және он екі елі ішек веналары - ұйқыбез басынан және он екі елі ішектен. 
б) Ұйқыбездің меншікті веналары 
в) Қақпаалды венасы, v. prepylorica, асқазанның қақпалық бөлімінен басталып, оң асқазан 
артериясымен қосарлана жүреді. 
г) Оң және сол асқазан веналары, vv. gastricae sinistra et dextra, асқазанның кіші иінінде 
аттас артериямен қосарлана жүреді. Қақпалық бөлім аймағында оған қақпалық веналар, 
асқазанның кардиалді бөлігі аймағында өңеш веналары құйылады. 
Қақпа венасы бауыр затында бір ірі және бірнеше ұсақ веналарды; өтқуық венасын, v 
cystica, қақпа венасы қабырғасы веналарын, бауыр түтігі мен бауыр артериясы веналарын, 
көкет веналарын қабылдап, lig. suspensorium бойымен бауырға жетеді. 
Кіндік маңындағы веналар, vv. paraumbilicales, кіндік аймағында алдыңғы іш 
қабырғасынан басталып, жоғарғы және төменгі құрсақүсті веналарының беткей және 
терең тармақтарымен анастомоз түзеді. 
48. Жамбас қабырғасынан, жамбас астауы ағзаларынан және аяқтан қанның ағу 
жолдары. 
Жамбас астауы қабырғасы мен агзаларынан веналық қан екі ірі веналық сабауға: ішкі 
мықын венаға, v. iliaca interna, жә не сыртқы мықын венасына, v. iliaca externa, жиналады, 
олар өзара бірігіп, жалпы мықын венасын, v. iliaca communis, қалыптастырады. 
Жалпы мықын венасы , v. iliaca communis жұп, v. iliaca externa мен v. iliaca interna 
бірігуінен, сегізкөз-мықын буыны тұсында басталады. 
IV және V бел омыртқалары арасындагы шеміршек деңгейінде екі жалпы мықын веналары 
бірігіп, жоғары және медиалді бағытталып, омыртқалар денелерінің орталық сызығынан 
оң, төменгі қуыс венасы, vena cava inferior, қалыптастырады. 


Оң жалпы мықын венасы солдан сәл қысқа. Сол жалпы мықын венасы аттас артерия 
венасымен қосарлана жүретін сегізкөздің жамбас бетіндегі орталық сегізкөз венасын, v. 
sacralis тесігі, қабылдайды. Ол латералді сегізкөз веналарының тармақтарымен қосылып, 
сегізкөздің веналық өрімін, plexus venosus sacralis, түзеді.
Ол тікішектің веналық өрімімен, plexus venosus rectalis, несепқуықтың веналық өрімімен, 
plexus venosus vesicalis, анастомоз түзеді. Жалпы мықын венасына жиі мықын-бел 
венасы, v. iliolumbalis, қүйылады. 
II. Сыртқы мықын венасы, v. iliaca externa, сан венасының v. femoralis, жалғасы, өзінің 
бастамасында бір, кейде екі кақпағы болады. Ол шап жалғамасынан сегізкөз- мықын 
буынына дейін орналасып, аттас артерияның жолын қайталайды, артериядан ішке 
орналасады. Сыртқы мықын венасы сегізкөз-мықын буынына жеткен соң, ішкі мықын 
венасымен бірігіп, жалпы мықын венасын түзеді. 
Сыртқы мықын венасы жолында оған келесі веналар құйылады. 
1. Төменгі құрсақ үсті веналар, vv. еріgastricae inferiores, жұп, аттас артериямен қосарлана 
жүріп, алдыңғы іш қабырғасының төменгі бөлігінен қанды жинап, vv. ері- gastricae 
superiores, vv. paraumbilicales, vv. obturatoriae анастомоз түзеді. 
2. Мықын сүйектің терең айналма венасы, v. cirumflexa ilium profunda, аттас артериямен 
бірге жүріп, іш қабырғасының төменгі бөлімінен қанды жинайды. 
3. Ішкі мықын венасы, v. iliaca interna - аттас артерияның артында орналасатын, үлкен 
шонданай тесігінің жоғарғы деңгейінде, жамбас астауы ағзалары мен қабырғасынан қанды 
жинайтын веналардан түзілетін ірі тамыр. Ол жамбастың бүйір қабырғасымен жоғары 
бағытталып, шекаралық сызық деңгейінде, сегізкөз-мықын буынының алдыңғы бетінде 
сыртқы мықын венамен қосылады. Ішкі мықын венасын түзетін веналар қабырғалық және 
ағзалық болып екіге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет