Tractus corticonuclearis бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларына өткізгіш жолдар.
Олар орталық алды қатпарының төменгі бөлігі қыртысының пирамидалық
жасушаларынан басталып, ішкі капсула иіні мен ми аяқшасы арқылы өтіп,содан кейін
ортаңғы миға, сопақшамиға көпірге келіп, қарсы жағына ауысып, қиылыс түзе,
қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Талшықтардың шамалы бөлігі қарсы жаққа өтпей өз
жағында аяқталады.
Қыртысты-ядролық жол
• Орталықалды қатпардың нейрондарының үштен бірінен басталады;
• Осы жолдың бірінші нейронының аксондары ішкі капшықтың иіні арқылы төмен қарай
жылжып, одан әрі ми бағанының сабауына өтеді.
• Бұл өткізгіш жолдың талшықтары ортаңғы мидың бағанында қарама-қарсы жаққа өтеді
(қиылыс түзеді). Ортаңғы мида талшықтар бассүйек ядроларының ІІІ және ІV қозғалтқыш
ядролары нейрондарында аяқталады және көпір деңгейінде бассүйек нервтерінің V, VІ
және VІІ қозғалтқыш ядроларына қарай барады.
• Сопақша мида қарсы жаққа өткен талшықтар бассүйек нервтерінің ІХ, Х және ХІ
қозғалтқыш ядроларының нейрондарында аяқталады.
• Барлық қозғалтқыщ ядролар нейрондарының аксондары бассүйек нервтерінің
қозғалтқыш түбіршектерін түзеді және бас пен мойынның қанқа бұлшықеттеріне
бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: