1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Қысым және сипап-сезу өткізгіш жолы



Pdf көрінісі
бет77/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

93. Қысым және сипап-сезу өткізгіш жолы
Терінің тактилді (жанасу және сипап сезу) сезімталдығын өткізгіш жолдар – tractus 
gangliospinothalamocorticalis. Рецептор тері қабатында жатады. Өткізгіш жол үш 
нейроннан тұрады. Бірінші нейронның жасушалық денесі сезімталдықтың барлық 
түрлерінің шеткі нейрондары жасушаларының жиыны болып табылатын жұлын түйінінде 
орналасады. Бұл түйін жасушаларынан шығатын өсінді екі тармаққа бөлінеді; олардың 
шеткісі тері нерві құрамында рецептордан шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік 
құрамында жұлынның артқы жіпшесіне барып, сол жерде жоғары көтерілетін және төмен 
түсетін тармақтарға бөлінеді. 
Талшықтардың бір бөлігі мен жанама тармақтарын жұлынның артқы мүйіздерінде – 
substantia gelatinosa-да аяқталады. Жоғарылаған талшықтардың басқа бөлігі артқы 
мүйіздерге енбей, жұлынның артқы жіпшелерінде жүріп, fasciculus cuneatus et gracilis-
тердің құрамында сопақша мидың аттас ядроларына – nucleus gracilis және nucleus 
cuneatus-ке жетеді. Жұлынның артқы мүйіздері мен сопақша мидың аталған ядроларында 
екінші нейронның жасуша денесі жатады. Артқы мүйіздерде орналасқан жасушалардың 
аксондары – comissura alba- арқылы ортаңғы жазықтықты қиып өтіп, қарама-қарсы 
жақтың бүйір жібінде орналасқан tractus spinothalamicus lateralis құрайды 
Жұлын-таламустық будалардың айқасуы артқы түбіршіктің жұлынға кіретін деңгейінен 2-
3 сегмент жоғарылау жерде өтеді. Бұл буда мидың сабау бөлігі арқылы таламусқа жетеді. 
Өз жолында ол ми сабауы мен бассүйек нервтерінің қозғалыс ядроларымен байланысады, 
олар арқылы тері тітіркенгенде ми рефлекстері пайда болады. Сопақша ми ядроларында 
орналасқан екінші кезең жасушаларының аксондары – leminiscus medialis – деп аталатын 
жолмен таламуқа жетеді. Бұл жол сопақша мида қарама-қарсы жаққа ауысып, медиалды 
ілмек айқаспасын – decussatio lemniscorum-ды түзеді. Жұлында тактилді импульстарды 
өткізетін екі жол бар:
1) айқаспаған жол - қарама-қарсы жақтың бүйір жібінде жатады;
2) айқасқан жол - қарама-қарсы жақтың бүйір жіпшесінде жатады. 
Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның аксондары tractus 
thalamocorticalis құрамында үлкен ми қыртысына, орталық артындағы қатпар мен тері 
анализаторының қыртыстық шеті орналасқан шеке бөлігіне барады. Кеңістіктік тері 
сезімталдығы – стереогноздың өткізгіш жолдары – fasciculus gracilis et cunetaus бойымен 
жүретін жанасу және қысым сезу сузімталдығы сияқты тері сезісталдығының бұл түрі де 
үш буыннан тұрады:
1) жұлын түйіндері;
2) сопақша мидағы nucleus gracilis et cuneatus-тер; 
3) таламус және ең соңында жоғарғы төбе бөлігіндегі тері анализаторының қыртыстық 
шеті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет