1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет27/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§13. Тарақты тарау

Жоғары сапалы мата, трикотаж, жіптер, техникалық маталар шығару үшін сызықтық тығыздығы төмен және орташа жіп иіру қажет. Ол үшін мақта кардалық тарауға қосымша тағы бір тараудан, яғни тарақты тараудан өтеді. Осылай өндірілген жіп өте берік, біркелкі, созылыңқы, жылтыр және таза болады.


Тарақты жіп иіру үшін І, ІІ және ІІІ типті жіңішке талшықты мақта қолданылады. Сызықтық тығыздығы орташа жіпті IV және V типті, таңдалып алынған, ІІ-сортпен аралас І-сортты мақтадан иіреді.
Тарақты тарау үрдісінің мәні және қолдану. Тарақты тарау үрдісі дайын таралған таспадан тарақты таспа алу мақсатымен орындалады. Тарақты таспа ұзындығы біркелкі, жақсы, тазартылған, түзетілген және қатар орналасқан талшықтардан тұрады.
Тарақты тараудың мәні таралатын таспадан қысқа талшықтарды ажырату, ұзын талшықтарды бір бірінен ажырату, түзету және қатарластыру және оларды ұсақ жабысқақ қоспалардан, ақаулардан тазарту болып табылады. Мақтаны иірудегі тарақты тараудың принципі талшықтар қысылан түрде алғашқыда бір жақ шетінен тек қана бір тарақпен таралады. Тарақты таспада, әдетте байлданбаған түйіншектер болмауы қажет, әйтпесе келесі кезеңдерде созғанда олар байланыс қалады. Сонқытан тарақты жіп таза болады.
Тарақты тарау кезінде түсетін қысқа талшықтар тарақты тарам қалдықтар болып саналады және кардалық жіпті өндіруге қоспа дайындауға қолданылады.
Таралған таспаға қарағанда тарақты тараумен алынған таспа жуандығы бойынша біркелкілеу, сызықтық тығыздығы бойынша тербеліс коэффиценті 23-22% аралығында болады.
Талшықтардың модальды ұзындығы 1,5-2 мм-ге ұзарады, ұзындығы 20 мм-ден аз қысқа талшықтардың мөлшері 20-30% азаяды,. Талшықтардың түзілген дәрежесі 0,75-0,86-дан 0,79-0,89-ға дейін жоғарылайды, таспаның қоқыстылығы 30-40% төмендейді, ал тарақтық жіптің беріктігі 8-12%-ке өседі.


§13.1. Таралған таспаны тарақты тарауға дайындау

Таралған таспаны тарақты тарауға дайындау созу әдісімен талшықтарды түзету және қатарластыру болып саналады. Тарақты тарауға дайындаудың үш тәсілі бар:


- таспа біріктіру және жайғақ созу машиналарында дайындау;
- алдын-ала таспалық және таспа біріктіру машиналарында дайындау;
- алдын-ала таспалық және жайғақ қалыптастыру машиналарында дайындау.
Бірінші тәсіл бойынша таралған таспа ЛС-235 типті таспа біріктірту машинасында 16-20 таспадан жайғақ салынады. Олар 6 данадан жайғақ созу машинасына жіберіліп, 4-8 есе созылады.
Машинадан шыққан жайғақтарды алтыдан салып, катушкаға орайды, одан соң олар тарақты тарау машинасына түседі.
Екінші тәсіл бойынша алғашқыда ЛНС-51-2М типті таспалық машинасында таралған таспаның талшықтары түзетіледі және қатарластырылады. Одан таспа біріктіру машинасында (ЛС-235) тарақты тарауға жайғақ қалыптастырады.
Үшінші тәсілде таралған таспа ЛНС-51-2М типті жоғары жылдамдықты таспалық машинадан өткізгеннен кейін ЛХВ-300 типті жайғақ қалыптастыру машинасында одан жайғақ алынады. Бұл тәсіл бойынша жалпы созу 16-32 есе болады, ал біріктіру саны – 384-480-ге жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет