1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


Қопсыту – түту цехтарында машиналарда жұмыс жасау және техника қауіпсіздігі



бет24/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

Қопсыту – түту цехтарында машиналарда жұмыс жасау және техника қауіпсіздігі.
Сапалы өнім өндірудің қажетті шарттарының бірі қопсыту – түту агрегатында қызмет ететін жұмыскерлердің еңбегін дұрыс ұйымдастыру болып саналады.
Барлық жұмыскерлердің жалпы міндеттері ішкі тәртіп ережелерін, өртке қарсы ережелерді және қауіпсіздік қауіпсіздік ережелерді сақтау болып саналады.
Жасалынатын холстардың сапасы көбіне жабдықтарды күтуге және жұмысты атқаруға, жұмыс орнын дұрыс ұстауға байланысты. Жеке бір машиналарда жұмыс атқаратын жұмысшылардың міндеттерінің жұмысты ұйымдастыру және машинаның консутрукциясына қарай айырмашылығы болады.
Тоқыма өндірісінде жұмыскерлердің техникалық қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауына көп көңіл бөлінеді. Сәтсіз оқиғалардың авлдын алу үшін техника қауіпсіздігі бойынша инструкциялар дайындалады. Оларды барлық мамандықтардың жұмысшылары зерделеп меңгеру қажет. Әсіресе жұмыскерлерді техника қауіпсіздігі бойынша инструктаждан өткізуге қатаң көңіл бөлу қажет.
Инструктаж түрлеріне таныстырма, бастапқы, қайталама және жоспардан тысқары инструктаждар жатады. Таныстырма немесе алғашқы инструктажды жұмысшыны жұмысқа қабылданғанда техника қауіпсіздігі инженері өткізеді.
Бастапқы инструктажды цех бастығы немесе мастер өткізеді.
Қайталанған немесе екінші инструктаж жұмыс стажына қарамастан барлық жұмысшыларға квартал сайын бір реттен сирек емес өткізеді. Жоспардан тыс инструктаж технологиялық процестің өзгеруіне қарайқауіпсіздік шарттар өзгеретін болғандықтан жүргізілуі тиіс.
Иіру фабрикаларында барлық жұмыскерлер үшін техника қауіпсіздік жалпы ережелері міндетті сақталуы қажет:
- айналатын механизмдердің қоршалғылары бұзылғанда немесе жоқтылығында машиналарда жұмысқа қосуға болмайды;
- сигнал бергіш, жұмысқа қосқыш, вентилятор құбырлар бұзылғанда машина жұмысқа қосылмайды;
- машина жұмыс істеп тұрғанда қозғалыстағы бөліктеріне қолмен тиісуге және қоршалғыларын ашуға болмайды;
- киімнің етектері жинақталыңқы болуы тиіс, әйелдер шаштарын үшкіл орамал астына жинап алуы тиіс.
Қопсыту – түту агрегатының машиналарында ауыр жұмыс органдары бар: үлкен жылдамдықпен айналатын пышақты және қаққыш барабандар және өте көп тісті, белдікті жылжулар. Сондықтан машина жұмыс жасап тұрғанда торлы барабандардың және түткіштердің қақпақтарын алуға, қоршауын алып тастауға, қамтаушы цилиндрден түбітті түсіруге, машина астынан қалдықтарды шығарып алуға тиым салынады. Жұмыс органдарының камералы талшықпен толық кеткенде, машина бекітіліп қалғанда немесе машинаға бөтен заттар түсіп кеткенде оны тоқтату қажет. Мастердің көмекшісін шақырып оның қатысуымен бөтен заттарды алып тастап, кемшіліктерді жою қажет.
Талшық жанған жағдайда машинаны бірден тоқтатып, өртсөндіргішпен сұйық жіберіп, өрт сөндірушілерге хабар беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет