§10. Қопсыту-түту агрегаттары. Машиналардың жалпы құрылымы және жұмыс принципі
Мақта талшықтарының сипатына қарай қопсыту-түту агрегаттарының құрамына конструкциясы әртүрлі машиналар кіреді. Сонымен қатар агрегаттың құрамы да әртүрлі болуы мүмкін. Кардалық иіру тәсілінде үздіксіз желі «буда-таспа» енгізілген (20-сурет).
15-сурет. РКА-2Х буда қопсытқышының сұлбасы
15-суретте автоматтандырылған РКА-2Х буда қопсытқыштың сұлбасы көрсетілген. Бұл машинра мақта талшықтарын біркелкі қопсытып, алдын-ала талшықтарды араластырту және тазартуға қолданылады. Алынған буда автокардан контейнерге түсіріледі. Контейнер машинаның бойымен минутына 1 м жылдамдықпен жылжып отырады. Будалар жұқа тақтайша торларға келіп тіреледі. Олар будалардың төменгі қабаттан салбырап тұрып қалмауына себін тигізеді. Мақта талшықтарды тырнауышты барабанда (3) қопсытылады. Екі (3) қопсытқыш барабан тұрақты жылдамдықпен қозғалады, бірақ екеуі бір бағытта айналып тұрады. Қаққыш барабандардың тырнауыштары будадан мақта талшықтарын суырып ұсақ шүйкелерге бөледі. Барабандардың бетіндегі мақта шүйкелері темір шілтерлермен түйіскен жерде олардан түрлі қоқыстар түседі. Темір шілтерлер үш қырлы жуан сыммен жасалынған. Темір шілтерден мақта талшықтарыт конвейерге (7) өтеді. Конвейер мақтаны түтікше (6) арқылы келесі машинаға өткізеді. Конвейерде талшықтар көптеген қалдықтардан тазартылады. Қалодықтар камертадан автоматты түрде шығарылады. Қалдықтарды шығару жүйесінің дыбыс сигналы бойынша қақпақтар (9) жылжып конвейерге қалдықтарды түсіреді. Конвейер (7) осы уақытта қарсы бағыттағы түтікшеге (8) қалдықтарды жеткізеді. Қалдықтардан тазарту кезінде будалар орындарынан қозғалмайды.
16-сурет. Дозалық бункер.
Қопсыту-түту агрегатының екі қопсыту машинасына бір дозалық бункерден келеді. ДБ-1 бункер (16-сурет) мақта талшығын бір тегістеуге, араластыруға, қопсытуға және біршама тазарту үшін қолданылады. Талшықтар бункерге арнаулы конденсормен жеткізіледі. Конденсор өз алдына торлы барабаннан (2) желдеткіштен (1) каналдар арқылы ауаны сорып торлы барабанның (1) айналасында ауа ағынын жасайды. Торлы бартабан айналып, талшықтарды басқа түсіргіш барабанға (3) түсіреді. Түсіргіш барабандағы теріден жасалған арнаулы қалдықтар арқылы талшықтар бункерге келіп түседі (5). Шығарғыш білікшелер (6) бункерден талшықтарды шығарып жүрдек барабанға талшықтарды салбыртап тұрған түрінде (7) шығарады. Барабанның сыртындағы тырнауыштары салбыраған мақта талшығын қағып-соғу арқылы қопсытады. Барабанның тырнауыштарына ілінген талшықтар темір шілтерге барып соғылады. Бұл мақтаны қопсытуға көмектеседі. Тез айналу нәтижесінде әртүрлі қалдықтар шілтерлер арқылы камераға (8) түседі. Қопсытылған талшықтар ауа ағынымен келесі машинаға жеткізіледі. Қалдық жинайтын камерта ашық камера болып саналады.
Бұл камертада көбінесе ірі қалдықтар жиналады. Өйткені, өте жеңіл түбіттер ауамен ұшып кетеді. Бункердің ішінде арнаулы өлшегіш қондырғы (4) орнатылған. Бұл қондырғы талшықтар қабатының тығыздығын көрсетіп тұрады. Бункер талшықтармен толған кезде автоматты түрде жұмыс жасап қопсыту агрегатын жұмыстан босатады.
Дозалық бункерден мақта келесі машинаға – барабанды (6) көлбегоен тазартқышқа (ОН-6-4М) өтеді (17-сурет).
Дозалық бункерден құбыр (1) арқылы конденсорға (2) өтетін мақта талшықтары бункерге (3) келіп түседі. Шығарушы білікшелер (4) талшықты қысылған түрде темір шілтері (6) бір пышақты барабанға (5) жеткізеді. Барабанның пышақтары үздіксіз түсіп тұратын талшықтан мақтаның ұсақ шүйкелерін ажыратады. Олар темір шілтерге (6) қағылып түскенде пышақты бартабанмен өткізіледі. Сондықтан, осы тұста талшық қоспалардан тазартылады. Қоқыстар шілтерінің тесіктерінен түтікшеге (7) түседі. Мақта шүйкелері әрі қарай қопсыған түрде келесі барабанның әсеріне түседі. Соңғы алтыншы бартабан оларды келесі машинаның – білікті тазартқышының 40 бункеріне жеткізеді.
17-сурет. Көлбеген тазартқыштың сұлбасы
Білікті тазартқыш (18-сурет) патрубок (1) арқылы қаққыш барабандардың 2,3 зонасына түсетін мақтаны қопсытып тазартады. Барабандарда қоршаған темір шілтерлерден (4) қоқыс қоспалар камераның (5) жапқыштары (6) ашылғанда сорып бөлінеді.
18-сурет. Білікті тазартқыштың сұлбасы
Білікті тазартқыштан мақта конденсордың көмегімен қамтушы тазартқыш ПРЧ-2-ге түседі. ПРЧ-2 талшықтарды қопсыту және тазарту үшін және де оларды машиналарына таратып бөлу жүйесіне жеткізу үшін қолданылады. Конденсормен (1) лақтырылған мақта камерадан (2) секциясына жеткізіледі. Түту секциясы екі шығарушы (3), сүйемелдеуші цилиндрден (4), педальді цилиндрден темір шілтері (7) бар инелі үш сабаулы түткіштен (6) тұрады. Түткіш қысылған мақтаны қатты соққылау арқылы әлі де қалған қоқыс қалдықтардан тазартады. Одан әрі мақта түтін арқылы тарау машиналарының бункерлеріне жіберіледі, ал қалдықтар (9) арнаулы түтінше арқылы шығарылады.
19-сурет. Буда-таспа желісі
20-суретте түту машинасының сұлбасы мен жұмыс принципі көрсетілген.
Мақта талшықтары жылдам айналатын конденсор (1) арқылы бункерге (2) келіп түседі. Өзінің салмағымен мақта талшықтарты ағашты білікшелерге (3) түсіп қысылады. Білікшелер талшықтарды тығыздайды және үздіксіз мақта қабатын жасайды. Қамтушы цилиндрлер (19) біліктерге қарағанда жоғары жылдамдықпен айналады, осының әсерінен жасалған мақта қабаты созылады және қабаттарында қыртыстар пайда болмайды. Қамтушы цилиндрлер талшық қабатын пышақты барабанға жеткізеді. Пышақты бартабан (4) қағып-соғады, тазартады. Бұл процесс талшық қабатының салбырап тұратын шетін соққылау арқылы жүргізіледі. Машиналарда талшықтарды өхңдеу принципі бойынша мақта талшықтарын өңдегенде бір агрегаттан екінші агрегатқа ауысқанда үрдістердің жылдамдығы өсе береді. Пышақты барабанның пышақтары арнаулы дискілерге бекітілгшен және талшық қабатын қаққанда ені бойынша тек қана бөлек нүктелерде күш түседі. Ал барабанның бір айналымында талшық қабатының тегісімен ені бойынша соққылайды, ұрады. Қалдық қоқыстар (18) камераға жиналады, ал талшықтар (17) желдеткіштің әсерімен торлы барабанға (5) түседі. Ауаның (сору) тарту күші қатты болдғандықтан талшықтар тордың бойына жабысады. Торлы барабанның бетінде бір қалыпты талшық жұқа қабаты пайда болады. Жоғары және төменгі барабанның қосылған екі талшық қабаты сол қабаттың сызықтық тығыздығын біркелкі болуын қамтамасыз етеді. Білікшелер торлы барабаннан мақта қабатын түсіріп, қамтушы цилиндрлерге (6) жеткізеді. Бұл цилиндрлерде үш қайтара соққылау жәнетазарту процестері жүргізіледі. Үш қайтара қағылған мақта талшықтары (7) конденсор арқылы келесі түту машинасының секциясының резервті камерасына (8) түседі. Резервті камерадан мақта талшықтарын инелі түтікше (10) бағыттайды. Инелі түткіш талшық қабатын одан да кіші біркелкі талшық бөлшектерге бөледі. Резервті камера (8) түту машинасының соңғы секциясын бірқалыпты қамтып отырады. Сондықтан дайындайтын жайғақтың қалыңдығы біркелкі болады. Резервті камера үздіксіз мақта талшықтармен толтырылып тұрады. Ол үшін автоматты реттегіш қондырғы орнатылған. Автоматты қондырғы арнаулы электр тізбегі арқылы жұмыс жасайды. Камера асып төгілгенде электр тізбегі үзіліп, машинаның барлық секциясы тоқтатылады. Бірақ, пышақты бартабан, соққыш және желдеткіш жұмыс жасап тұра береді. Екінші жұптағы торлы барабанда дайындалған мақта талшықтардың қабаты жайғақ дайындайтын құрылғыға келіп түседі.
Талшық қабаты төот қыстырғыш біліктер арқылы (17) тығыздалады және белгілі бір құрылым пайда болады. Жылжытқыш біліктер (13) мақта қабатын түтікшеге орайды. Орау (12) жазатын білікшенің әсерімен жүргізіледі. Осы арада жайғақ пайда болады. Барлық жайғақтар белгілі бір ұзындықпен дайындалады, ұзындығы арнаулы механизммен белгіленіп отырады. Ол сигнал бергенде жазу білікшелері жылдамдығын жоғарылатады, жайғақты (15) білікше зонасында үзеді. Үзілгеннен кейін жайғақ автоматты түрде (14) қабылдау біліктеріне шығарылады.
20-сурет. Түту машинасының технологиялық сұлбасы
Машиналардың жұмыс органдарының қайталанып отыратын көптеген әсерлерімен мақта талшықтары электрленеді. Сондықтан, талшықтар бір-біріне жабысып әрі қарай өңдеу үрдістерін жүргізуді қиындатады. Талшықтардағы электр зарядтарын азайту және тиісті ылғалдылықты сақтау үшін арнайы минералды майлармен майлайды немесе эмульсиялайды. Эмульсиялауға дайын эмульсияны (ОП-7, ОП-10 препараттары) немесе арнайы дайындалған, мысалы құрамында олеин қышықылы – 12,5%, натрий сілтісі – 2%, техникалық глицерин – 1% және 84,5 % судан тұратын эмульсияны қолданады.
Эмульсияның мөлшері шамамен 1-2% (мақтаның салмағынан) болады. Майлағыш арзан, гидроскопиялы әрі кекеннен кейін талшықтар бір-біріне жабыспауы, тез жуылып шайылуы және электр өткізгіш қасиетті болуы тиіс. Әдетте майлау немесе эмульсиялау қопсыту, араластыру және тазарту үрдістерінің соңғы операциясынад жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |