§20. Созба сапасын бақылау. Қалдықтар түрлері
Жоғары сапалы жіп иіру үшін созба біркелкі, жақсы оралған болуы қажет. Созба жасау цехында оқтын-оқтын бақылау жүргізіледі.
Созбаның сызықтық тығыздығы күнделікті тексеріледі және ауытқуы 1,5%шамасында шектеледі.
Сызықтық тығыздығы бойынша біркелкісіздігі апта сайын, ал созбаның тартылуын түсірімнің басында және аяғында, айына 1 реттен кем емес тексереді. 100 ұршық/сағ, үзілуін айына 1 рет тексереді. Тексергенде әрбір машинадан екі катушкадан (алдыңғы және артқы) алып, 12-16-дан он метрлік кесінділерді тарқатып алады.
Созба ақаулары.
Созба ақауларының негізгі себептеріне катушкамен алдыңғы цилиндр арасында кездесетін көрінбейтін тартып созылу жатады.
- Айқасулар – белгілі бір кішкентай аралықтардан кезекпен жіңішке және жуан жерлерді созу құрылғысының дұрыс жұмыс жасамауынан болады.
- Кедір-бұдырлар кез-келген аралықтарда кезекпен жіңішке және жуан жерлері үлкен көрінбейтін созудан болады.
Тығыз немесе әлсіз оралымдар бұлар барлық катушкаларда кездеседі.
Құлыпты шесретнялардың тістер санын дұрыс таңдап алынбағандықтан болады. Әлсіз оралғанда созба нашар тарқатылады, ал тығыз болса, созбаның біркелкілігі жоғарылайды.
Созбаның кемшілігіне байланысты жіңішке немесе жуан тұстар, түйірлер, ұзын және қатты есіліп кеткен тұстар, майлы, кір созбалар ақаулары болуы мүмкін.
Қалдықтар.
Қалдықтар мөлшері жұмыс жайында, машинаның дұрыс жұмыс жасауына және үзілгіштігіне байланысты.
Үзілген жерлерді алып тастағанда және соңғы қабаттарды төгіп алғанда таспа және созба қиқым қалдықтары пайда болады. Тиісті өңдеуден өткізгеннен кейін оларды қайтадан өз сұрыптарына жібереді.
Тазартқыштардан түскен және желпігенде түсетін қысқа талшықтар. Еден қалдықтарын жеке жинайды. Жалпы қалдықтар мөлшері 0,5-0,75% болады.
§21. Иіру
Иіру үрдісінде таспаны немесе созбаны бертілген қалыңдықпен жапсарлас зат алғанша жіңішкерту, ширату және берілген параметрлермен жіпке айналдырып, орағышқа орау орындалады.
Орағыш собық немесе бобина, яғни үлкен білік түрінде болады.
Иіру үрдісінде қатаң талаптар қойылады, өйткені ол жіп алудың соңғы кезеңі болып саналады.
Солардың бірі иірімжіпке технологиялық және тұтыну қасиеттерін қамтамасыз ету үшін жоғары сапа беру.
Иіру үрдісі мүмкіндігінше үздіксіз өтуі қажет. Иіру кезеңінде жіптің көп үзілуінен машинаның өнімділігі төмендеп, қалдықтар көбейеді. Үзіле беретін жіптер мата тоқу үрдісінде қиындықтар туғызады.
Жіңішкерту және жіпті қалыптастыру тәсілене қарай сақиналы немесе ұршықты және ұршықсыз жіп иіру машиналары қолданылады. Сақиналы машиналар желіс (еніз) және арқау жіптер иіру машиналары болып бөлінеді. Негіз жіпті иіру машинасында жіп қағаз патрондарға, собыққа оралады да, одавн бобинаға оралады. Арқау жібін иіру машинасында жіп ағаш шөлмекке оралып, сол бетімсен тоқыма станогында қолданылады.
Сақиналы иіру машиналары созбадан немесе бірден таспадан жіп иіруге мүмкіндігі бар.
Ұршықсыз машиналарға пневмомеханикалық БД-200 типті машиналар жатады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта роторлы, механикалық, электромеханикалық және гидравликалық иіру тәсілдерімен жұмыс жасайтын машиналар жасалуда.
Барлық иіру тәсілдерінің иіру машиналары келесі операцияларды орындауға арналған:
- әртүрлі конструкциялы созу қондырғысы арқылы таспаны немесе созбаны жіңішкерту. Созу шамасы 10-100-ге дейін жетеді.
- ширату механизмінің көмегімен жапсарлас заттан берік жіп қалыптастыру. Сақиналы машиналарда мұндай механизмжі ұршық пен жүгірткі, ал ұршықсыз машиналарда пневматикалық камера орындайды.
- дайындалған жіпті орағыш-собыққа, шөлмекке немесе циилндрлі бобинаға орау.
Достарыңызбен бөлісу: |