§23. Сақиналы иіру машинасында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау
Сақиналы жіп иіру машиналары қауіпсіз жұмыс істеу үшін сақтық жабдықтармен және қоршаумен қамтамасыз етілген.
Машинада блокадалау жүйесі орнатылған. Ол машинаны оның соңғы және басындағы бөліктерінің қоршаулары ашық болғанда іске қосылуын болғызбайды. Машина жұмыс істеп тұрғанда, сақина ұстағышты соңғы ажыратқышпен қолмен босатқанда, «тоқта» кнопкасын басқандағыдай автоқосқыштың, электрқозғағыштың іске қосылу мүмкіндігін болғызбайды.
Машинада қызметкерлерді машинаның іске қосылуын ескертетін сигнал беру жүйесі бар.
Жетек берілісі және бас беріліс бекітілген есіктермен жабылады. Олар машинаны тоқтату немесе іске қосуды блокадалау жүйесімен қамтылған.
Созу қондырғысының тісті дөңгелек берілісі қайырылып ашылатын футлярмен жабылады. Футлярды түрде бекіту үшін арнайы құрылғымен жабдықталған.
§24. Созу
Иіру машиналарында созба жасаусыз жіп иіру мақсатымен жоғары созу дәрежесі бар созу аспабын орнатылады. Олар затты 20-40 есе жіңішкертуге мүмкіндік береді. Солардың бірі ВР-1М 30сурет)аспабы.Созу өрісінде талшықтардың қозғалысын бақылауды ІІ цилиндрлер жұбына тірелген 1-2 белдікшелер орындайды. Белдікшелер талшықтардың шетін белгіленген жылдамдықпен ІІІ шығару жақындатады.
Созу құрылғылары иіру машинаарында горизонтальға біршама көлбеу бұрышпен орналастырылған. Сондықтан жапсарлас заттың ІІІ жұптағы қысылу нүктесіне ширатпаның жақын тартылуына салдарын тигізіп, үзілісін азайтады.
30-сурет. ВР-1Мтипті жоғары созу құрылғының сұлбасы
§25. Ұршықсыз иіру
Жіп иіру өндірісіндегі техникалық прогрестің бірі жаңа принциппен жұмыс жасайтын машиналарды қолдану.
Егер де жапсарлас затты өсу және жіпті орағышқа орау сақиналы иіру машинасында қатар орындалатын болса, жаңа принциппен жұмыс істейтін машиналарда атлаған екі үрдіс бөлек орындалады. Мақта иірудің кең орын алған пневмомеханикалық тәсіл БД-200 типті машиналарда орындалады. Мұндай машиналарда сызықтық тығыздығы 20-50 текс болатын жіп иіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |