§17. Таспаның сапасын бақылау. Қалдықтар
Таспаның негізгі ақаулары:
- шатасулар және кедір-бұдырлар, бұлар көбіне таспаны бірқалыпты тартпаудың салдарынан болады;
- жіңішке және жуан жіберілгендер, бұл автоматты түрде тоқтату бұзылғандықтан, артық таспа үстінен салынып кеткендіктен болады;
- таспаның жыртылған жиектері, бастыру білікшелерімен алдыңғы цилиндрдің арасында өте күшті тартылғандықтан болады.
Таспалық машиналарда қалдықтар түбіт күйде және еденге түскен түрде жиналады. Қайтымды қалдықтарға таспа үзілгендегі құрақтар, жіңішке және жуан жіберілгендері алып тастағандағы қалдықтар жатады. Қалдықтардың мөлшері әдетте 0,3-0,5% жоғары болады.
§18. Таспалық машиналарда техника қауіпсіздігі және өртке қарсы шаралар
Таспалық машинада жұмыс істеуге тек қана техника қауіпсіздігінен инструктаж өткен және барлық жұмыс уақытында орындайтын міндеттерін жақсы білетін тұлғаларға рұқсат етіледі.
Таспалық машинада жұмыс істегенде қоршауларды итеріп тастауға немесе алып тастауға, машинаның жанында киім ауыстыруға, машинаның астында, жанында бөтен заттарды ұстауға, машиналардың арасындағы жолды, таспа салынатын ыдыстар мен арбалардың арасын бітеп тастауға, жартылай өңделетін затты машинаға салғанда айналатын білікшелер мен цилиндрлерге қолмен тисуге, жетек белдіктерін кигізуге және түсіруге, шестрнялық берілістерді ашуға, машинаның қозғалыстағы бөліктерін және жетек белдіктерін сілкілеп тазартуға тыйым салынады.
Электроэнергия сөніп қалған жағдайда машинаны сөндіру қажет және де электроэнергияны қосқанда машинаны тек мастердің көмекшісінің рұқсатымен токқа қосуға болады.
Цехтағы әрбір жұмыскер өртке қарсы қолданылатын жабдықтардың орналасқан жерін білуі қажет. Өрт шыққан жағдайда оларды дұрыс қолдануға тиіс. Күйген иісті, үйкелістегі бөлшектердің қатты ысып кеткенін немесе машинада белгісіз дыбыстың немесе шуды байқап сезгенде машинаны бірден тоқтатып мастердің көмекшісіне хабарлау қажет.
§19. Алдын-ала иіру. Созба жасау машинасының жалпы құрылымы, жұмыс принципі
Таспадан иірімжіп алу үін оны жүздеген есе жіңішкерту қажет. Иіру машиналарының көбінде таспаны мұндай жіңішкертуге мүмкіндігі жоқ.
Сондықтан, жартылай өңделген зат-созба жасалынады. Созба жасауда алдын-ала иіру, ал машиналарда созба жасағыш машиналар деп атайды.
Созба жасау машиналарында келесі үрдістер орындалады:
- таспаны жіңішкерту үшін тартып созу;
- созылған таспаны, яғни таспа мен созба арасында өтпелі затты ширатып күшейту;
- созбаны катушкаға орау.
Осы үрдістерді машинаның қамту және созу аспаптары, ширату және орау механизмдері орындайды.
Созбаның сызықтық тығыздығына қарай машиналарды әртүрлі ұршықтар ара қашықтығымен жасайды, Р-168-3, Р-192-5, Р-260-5 маркалы созба машиналарының 168, 192, 260 сандары ұршықтардың арақашықтығын көрсетеді.
Жіңішке созбаларды ұршықтар арақашықтығы төмен машиналарда алады (27-сурет).
Таспа салынған ыдыс (1) созба жасау маниасының артқы жағына қойылады. Одан шығарылатын таспаның тартылуын төмендету үшін және көрінбейтін созылуды азайту үшін жай айналатын білік (2) орнатылады. Таспалар одан айналып өтіп төрт цилиндрлі екі зоналық созу құрылғыға (3) бағытталады. Созу құрылғыдан шыққанда созылған жіңішке таспа ширатылады да созбаға (6) айналады. Ширату мүйізшелері (7) ұршықтың (8) айналуымен орындалады. Созба мүйізшенің жоғарғы жағындағы тесігіне келіп түседі, ал мүйізшенің өзі ұршыққа орналастырылған.
Созба мүйізшесінің қуыс тармағының (10) ішінен өтіп шығады да, оның табанын (18) айналып өтіп, айналып тұрған катушкаға (11) оралады. Мүйізшенің тармағы (9) теңістіру үшін қолданылады. Созбаның катушкаға оралуы катушканың (11) және мүйізшелі (7) ұршықтың (8) әртүрлі жылдамдықпен айналуымен байланысты.
27-сурет. Созба жасау машинасының технологиялық сұлбасы
Созбаның оралымдары катушка бойымен біркелкі (цилиндрлік) қабатпен оралуы үшін катушка жоғары жылжымалы (13) кареткамен бірге кезекпен жоғары және төмен қозғалып тұрады. Жоғары каретка көтеру білігінде (17) орналасқан шестернямен тістескен жұқа таяқшамен (16) қосылған. Көтеру білігін өзінің айалу бағытын уақытпен өзгертіп тұрады. Жоғары кареткада катушкаларға қозғалыс беретін білік (12) және шестернялар орналастырылған.
Төменгі қозғалмайтын кареткада (14) мүйізшелі ұршықтарға қозғалыс беретін білік (15) шестернялармен орналасқан.
Созба машиналар аз орын алу үшін және ұршық санын көбейту үшін оларды екі қатармен, бір қатардың ұршықтары екінші қатардың ұршықтарының арасында орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |