1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§25.1. БД-200 жіп иіру машинасының конструкциясы және жұмыс принципі



бет37/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98
§25.1. БД-200 жіп иіру машинасының конструкциясы және жұмыс принципі



Бд-200 иіру машинасы таспа мен тікелей таспа салынған ыдыстан тұрады.
31-сурет. БД-200 машинасының сұлбасы
31-суретте Бд-200 машинаның технологиялық сұлбасы көрсетілген.
Таспа ыдыстан воронка (1) арқылы, қамтушы цилиндрден (2) серіппелі (4) қамтушы столдың (3) арасынан өтіп, ажыратқыш аспабына (5) келіп түседі.
Ажыратқыш құрылғы немесе дискреттеу білікшесі 7-8 мың мин1 жылдамдықпен айналатын аралы гарнитурамен қапталған. Талшықтар дискреттік білікшеге түскенде талшықты ағын жеке талшықтарға бөлінеді. Бұл операцияны дискреттік ағын жасау деп атайды. Дискреттік талшық ағыны құбыр (түтік) (6) бойымен сеператормен (7) иіру құрылғының роторының (10) жылжымалы бетіне (8), одан жинау бетіне (9) жіберіледі. Осы жерде қабатталған жіңішке таспа пайда болады. Оның ширатылуы ротордың айналу жиілігіне (35-45 мың мин1) тең жиілікпен айналатын тарамданған бөліктің оралуы арқылы жүргізіледі. Қалыптасқан жіп шығару қүрылғымен (16) тесік (13) және құбыр (4) арқылы иіру құрылғыдан шығарылады. Жіп үзілсеғ өздігінен тоқтатқыш (15) қамтушы циилндрге (2) қозғалыс жылжуын ағытады. Жіп бағыттаушы шыбықты (17) айналып өтіп, бобинаға (18) оралады.
Бд-200 иірумашиналарын қолданудың экономикалық тиімділігі үлкен. Атап айтқанда, иіру жылдамдығы жоғары, сонымен қатар созба жасау машиналары болғандықтан, орналастыру ауданы 2,5, жұмысшылар саны 3 есе азаяды. Сонымен бірге еңбек өнімділігі 2-3 есе жоғарылап, электр қуатының шығыны төмендейді.

§25.2. Бд-200 машинасының негізгі механизмдері мен үрдістері

Пневмомеханикалық жіп иіру машинасында орнатылатын үрдістер:
- машинаны жіңішкеленбеген-бөлігін, яғни дискреттелген талшықтармен қамту;
- талшықтар ағынын немесе жапсарлас затты қалыптастыру;
- затты ширату – жіп алу;
- жіпті орау.
Сақиналы жіп иіру машиналарға қарағанда ширату орау үрдісімен байланысты емес, сондықтан пневмомеханикалық машинада бос шетімен ширату деген ұғым қолданылады.
Дискреттік білікшеден бөлінген талшықтар бір-бірінен бөлек ауа күшімен құбыр арқылы иіру камерасына тасымалданады.
Машинаның негізгі жұмыс органы иіру камералары болып табылады. Олар машинаның екі жағынан 100 данадан болады. Камералардың айналу жиілігі 35-45 мин-1.
Камераның айналмасы жинағыш бетіне пневмоқұбырдан ұшып түскен талшықтар жиналады. Талшықтар таспа жапсарлас затқа қалыптасады да, айналып тұрған бетімен жіп шығарғыш воронкадан жіпке қосылып ширатылады. Бұл әдістің бір ерекшелігі бар. Ол созылмаған талшықтар бос түрінде, яғни біырғай бағытталған түрде жіппен бірге ширатылып, жіптің бойында шығарылмаған талшықтар пайда болады. Нәтижесінде жіптің беріктігі төмендейді. Бірақ ширату орау үрдісімен байланысты болмағандықтан, ширату жылдамдығын жоғарылатуға болады.
Жіп цилиндрді патрондарға құбырлы немесе орағыш барабанның көмегімен оралады. Алынған орауыштың салмағы 1200-1500 г болады. Сондықтан жіпті қайтадан орамай, тізіп орау үрдісіне немесе арқау жіптерін қайықсыз тоқыма станогында бірден қолдана беруге болады.
Бобиналар БД-200 машинасында тоқтатпай түсіріледі. Сондықтан сақиналы машинаға қарағанда оның пайдалы уақыт коэффтценті 0,95-ке тең.
Ауа ағынын жасау үшін машинаның пневмоқұбырында желдеткіш орналасқан. Ауа ағынының күшімен дискреттеу білікшесінің тістерінен талшықтар түсіріліп, иіру камерасына жіберіледі. Ауа камера арқылы өткенде подшипниктен шығатын жылуды әкетеді. Камерадан шыққан ауа қаңылтыр құбырға өтіп, еден астына үрленеді немесе жалпы кондиционерлеу жүйесіне жіберіледі.
Жіп сапасын бақылау. Ақаулар мен қалдықтар. Пневмомеханикалық және сақиналы иіру тәсілдерімен алынған жіптер бірдей көрсеткіштері бойынша тексеріледі.
Ақаулар түрлеріне қосымша басқа ақаулар кездеседі. Олар:
- жергілікті жуан және жіңішкеленген ақаулар (жіптің үзілгенін дұрыс алып тастамағандықтан пайда болад);
- ұзын бөліктеріндегі беріктігі төмендеу, әлсіз үлпілдек жіп (камераның қоқысталғанын немесе қоқысталған таспадан пайда болады);
- ені бойынша жіптің орамдарының ығысуы және бобинаның көлденең бойында ішкі қабаты мен көлденеңінде жіптің бос шеттері;
- әлсіз, жұмсақ оралуы;
Бобинада шығып тұрған жіп ілмектері.
Қалдықтар ретінде таспаның қиқымдары, шатаспа және жіптердің шеттері, түбіт, жапсарлас зат болады. Бірақ БД-200 машинасында олар аз кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет