1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§27. Меланж өндірісінің негіздері



бет40/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§27. Меланж өндірісінің негіздері

Меланж өдірісі деп иіру үрдісінде түрлі түске боялып араластырылған талшықтардан иірімжіп және мақта-мата, көрпе тоқу үрдісін айтады.


Мақта немесе вискозалық штапельді талшықтардың түрлі түсті талшықтармен қоспасын меланж деп атайды, ал араластыру үрдісін меланжирлеу дейді.
Меланж иіру үрдісінде шикізат ретінде жақсы жетілген, берік, сызықтық тығыздығы үлкен мақта талшықтары қолданылады. өйткені бояу үрдісінде иірілу қабілеті төмендейді. Химиялық талшықтардан талшық түрінде боялған вискозалық щтапельді талшықтар кең қолданылады.
Қайтымды қалдықтар және кейбір тозаң қалдықтар түсі бойынша бөлек жиналады. Оларды күңгірт түсті жіп иіруге қолданылады.
Сұрыптар түсі бойынша сұр және біртүсті меланж болып бөлінеді.
Мақта талшықтарын бояуға күкіртті, кубтық, тікелеу бояғыштар қолданылады. Талшықтар бояу алдында жақсы қопсытылып тазартылады және араластырылады.
Бояу үрдісі үздіксіз жұмыс істейтін және кезеңмен бойятын аппараттармен жүргізіледі. Кептірілген талшықтардың ылғалдылығы 8-10% болады.
Бояуы біркелкі болуы үшін жіп иіруге арналған боялған талшықтар жақсы араластырылуы қажет. Ол үшін механикаландырылған лабаздар қолданылады. Кептірілген талшықтар пневможүйемен кезекпен алты алғашқы лабаздарға жіберіледі. Оларды толтыру 4-5 көлбеу қабаттармен орындалады, ал талшықтар шығару тік қабаттармен орындалады. Сондықтан талшықтардың араласуы жақсарады.
Барлық лабаздардан талшықтар бір мезгілде бөлектеніп екінші қопсыту агрегатына түседі. Одан талшықтар екінші лабаздарға немесе түту бөліміне жіберіледі. Екінші лабаздардан талшықтар үшінші түткіштің торына түседі. Мұедай әдіспен талшықтардың түсі және ылғалдылығы жақсы бір тегістеледі.
Қазіргі уақытта араластыру үрдісін механикаландыру үшін МСП-8 араластыру машинасы қолданады.
Меланж жіптің сапасына және қолданылуына қарай әртүрлі меланжирлеу тәсілдері қолданылады:
- бір рет тарау;
- бір жарым рет тарау;
- қос тарау;
- жайғақ түрінде араластыру;
- таспа түрінде араластыру.
Соңғы тәсіл кең қолданылады. Бұл тәсіл бойынша меланж қоспасының әрбір құрамы барлық өткелдерден, тарау машинасын қосқанда, өздігінен өңделеді. Тарау машиналарын таспалар керекті түстер мен таспа біріктіру машинасында жайғаққа біріктіріледі. Таспа біріктіру машинасынан төрт жайғақ екінші рет таралуға тарау машинасына түседі.
Таралған таспаны таспалық машинаның екі басынан өткізеді.
Бұл тәсілмен көп құрамалар саны араластыру болады және әрбіреуінің үлесі 1,25% дейін болуы мүмкін, Басқа тәсілдер сирек қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет