§26.1. Аппараттық иіру жүйесінің технологиялық негіздері
Аппараттық иіруге арналған шикізат жекеленген түрлеріне қарай алдын-ала дайындалады.
Мақта және химиялық талшықтарды қопсыту үшін қопсыту-түту агрегаты, мақта тарамдарын, жаңғақтарды қоқыстан тазарту үшін УО-1 қалдық тазарту машинасы қолданылады. Сондай-ақ ҮУ типті қалдық тазарту машинасында да тазартуға болады. Машина агрегат ретінде қолданылады. Қопсыту және тазарту үздіксіз орындалады. Сондықтан оның өнімділігі УО-1-ға қарағанда 2-2,5 есе жоғары.
Созба қалдықтарын дайындауға Щ-850 шамшылау машинасы, мата тоқу және трикотаж қалдықтарын дайындауға бір және көпбарабанды шымшылау машиналары қолданылады.
Алдын-ала дайындаудан өткен шикізат құрамы араластырылады. Араластыру қолмен, шымшылау-араластыру машиналарымен немесе механикаландырылған лабаздардың көмегімен автоматтандыру әдіс арқылы орындалады.
Ауданы 30-35 м2 болатын лабаздарда қоспаның құрамаларын 10-12 қабатпен 2,5-3 м биіктікпен еденге салады. Талшықтар лабаздан шымшылау-араластыру машиналарына түседі. Екінші тәсіл бойынша қоспаның әрбір құрамы механикаландырылған лабазға өтіп, транспортердің көмегімен қопсыту-араластыру агрегатына түседі. Агрегат тарау машиналарының автоматтандырылған қамтушысымен аяқталады.
Талшықтар иілгіш, жұмсақ болуы үшін эмульсиямен өңделеді, эмульсияның құрамына олеин, саляр, машина майлары кіреді. Араластыру машиналарында талшықтар эмульсия шашырату арқылы майланады.
Дайындалған қоспаны тарау және одан да созба қалыптастыру үшін тарау аппараттарын қолданады.
32-суретте үш рет тарау аппаратының технологиялық сұлбасы көрсетілген. Аппарат өздігінен (І), алдын-ала тарағыштан (ІІ), бірінші білікті тарау машинасынан (ІІІ), екінші (ІV) және үшінші (V) тарау машиналарынан және созбалық күймешеден (І V) тұрады.
Өздігінен өлшеу механизміне (2) қоспаны беріп тұратын қиғаш тор (1) бар. Қоспа алдын-ала тарағыштың (ІІ) қамтушы торына (3) лақтырылады.
Тарағышта талшықтар дөрекі қоқыстардан тазартылады. Қоспа бірінші тарау машинасының (ІІ) бас барабанына (4) келіп түседі. Барабанның үстінде жұмысшы (6) және түсіру (7) білікшелерден тұратын үш жұмысшы жұптар (5) орнатылған. Бас барабанмен жұмысшы білікшелер арасында талшықты материал күшейтілген тараудан өтеді. Өйткені олар инелі эластикалық таспамен қапталған. Сонымен қатар талшық жүгірткінің 8-инелі гарнитурасы бар тез айналатын білікше әсерінен түседі.
Талшықтар бас барабанран (4) түсіру барабанға (9) өтеді. Оның айналу жылдамдығы бас барабанның айналуынан 20-40 есе төмен. Осының салдарынан түсіру барабанында талшықтар едәуір қоюланып жиналады да, мақта тарамы пайда болады. Тарам тербеліп тұратын тарақпен түсіріледі.
32-сурет. Үшқайтара тарау аппаратының технологиялық сұлбасы
Тарам таспаға қалыптастырылады. Таспа кардалық тарау машинасында алынған таспамен салыстырғанда едәуір жуан және жалпақ келеді. Тарам, біріншіден, екінші тарау машинасына тар, ал екіншіден, үшінші тарау машинасына кең транспортермен (10) жіберіледі. Машиналардан берілгенде тарамды бірінші рет біріктіру арқылы талшықтарды жақсы араластыру және жартылай өңделген затты біркелкілеу үрдісі орындалады.
Бірінші тарау машинасына қарағанда екінші машинаның жұмыс органдары жиі де жіңішке инелі таспамен қапталған. Ал үшінші машинадан инелі таспаның инелері өте жіңішке және жиі орналасқан.
Соңғы тарау машинасынан тарам созба күймешеге ІV жіберіледі. Тарам алғашқыда бөлгіш білікшелердің бөлгіш белдікшелерімен (13) түйіскен жерінде жіңішке жолақтарға (9-11 мм) үзіледі. Олардан жолақтар ширату жеңдер жұбымен (14) түсіріледі. Ширату жеңдері қайта-үдемелі қозғалыс жасаумен тарам жолақтарын есу арқылы созбаға айналдырады.
Созба жіп жүргізгіш (15) арқылы өтіп барабандармен (16) оқтауға айқасқан ораммен дөңгелектеніп (17) оралады.
Жіп иіру П-П4-Ш сақиналы иіру машинасында орындалады. Олардың кардалық жүйеде қолданылатын сақиналы машиналардан қамту механизмінде және созу қондырғысында айырмашылығы бар. Иіру машиналарында созба ұзын бобиналарға жазу білікшелерге салынып, бағыттаушы органдар арқылы созба машинасының екі жағынан кезекпен созу құрылғыларына беріледі.
Созу құрылғысының ерекшелігі сол, ол талшықтарды таратып бөлуді және қатарластыруды шеңберлі тарақ арқылы жүргізіледі.
Созу осы тарақпен созу жұбымен орындалады және 1,2-2,8 есе болады.
Кейінгі кезде аэродинамикалық (роторлық) иіру әдісі ПР-150 машиналарында және аэромеханикалық әдіс ПАМ-150 машиналарында қолданылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |