§28. Жіпті ширату. Ширатылған иірімжіп түрлері
Кейбір маталар ассортиментін шығаруға және тігін жіптерді т.б. өндіру үшін өте берік және біртегіс иірімжіп қажет болады. Ширатылған иірім жіп деп екі немесе бірнеше жалаң жіптерді ширату арқылы алынған жіпті айтады.
Өндіру тәсіліне қарай ширатылған жіп бір немес бірнеше ширатылған болып бөлінеді.
Бір рет ширатылған жіп біріктірілген жіптерді бір-ақ рет ширату арқылы алынады. Бірнеше рет ширатылған жіп деп алғашқыда жіптердің біразын ширатып алып, алынған жіптерді біріктіріп қайтадан ширату арқылы алынған жіпті айтады.
Ширатылған жіптер саны екіден отызға дейін жетеді.
Ширатпа жіп құрғақ және ылғалды ширату әдісімен алынады. Біртегіс, берік ширатпа жіп алу үшін жіпті ширату алдында ылғалдайды. Бұл әдіс көбіне тігін жіптерді алуға қолданады.
3, 4, 6 -, 9 және 12 қосудан ширатылған жіп тігін жіптеріне және жіпті бұйымдар (жамау жіптерді, ирис, мулине) өндіруге қолданылады. Тоқымашықлықта қолданылатын фасондық жіп ширатпа жіптердің ерекше тобын құрайды.
§28.1. Жіпті ширатуға дайындау
Жіпті ширатуға дайындау ширату машиналарын қамтитын орағыштарда жіптің ұзындығын жоғарылату, жалаң жіптерден ақауларды алып тастау, барлық ширатылған жіптердің бірдей тартылып созылуын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Жіпті ширатуға дайындайтын екі тәсіл белгілі:
бір үрдісті – қосу арқылы
екі үрдісті – қайтадан орау және қосу арқалы.
Бірінші тәсіл бойынша жалаң жіпті алдын-ала орау машиналарына немесе автоматтарға қайтадан орайды. Конусты бобинаға айқас ораммен оралып, кейіннен қосу машиналарында қосады. Мұндай тәсіл сызықтығы үлкен жіптерге және ширатылған бұйымдарға арналған жіптерге қолданады. Олардың біртегістігі, беріктігі жоғары болады, өйткені, сапа бағалау, яғни орау және қосу машиналарында екі қайтара жүріп отырады.
§28.2. Ширату машинасы
Дайындықтан өткен жіп бобинаға оралған түрде ширату машинасына түседі. Бобиналар (1) (33-сурет) қамтушы рамалардың (2) шпилькаларына кигізіледі. Бобинадан төгілген жіп бағыттаушы білікшелерді (3) айналып өтіп, шығару құрылғысына түседі. Шығару құрылғысы цилиндрден (4) және біртегіс металл білікшелерден (5) тұрады. Шығару құрылғысынан жіп қамтуды тоқтатқыш ілмек (6) арқылы жіп өткізгішке (7), одан сақинада (9) бос орныққан жүгірткіге (8) бағытталады. Жүгірткіден жіп ұршыққа (11) кигізілген патронға (10) оралады.
Жалпы ширату машиналары жіп иіру машиналарға ұқсас, бірақ созу құрылғыларының орнына шығару цилиндрлер орнатылған.
Ылғалдау тәсілімен жұмыс жасайтын ширату машиналарында жіп шығару құрылғысының алдында су құйылған науадан өтеді. Бұл әдіс беріктігі жоғары, біртегіс, тығыз жіп алу үшін қолданылады. Кейінгі уақытта, көп ретте ширатпа жіп иіру-ширату машиналарында алынып жүр.
33-сурет. Ширату машинасының технологиялық сұлбасы
34-сурет. Ширату-иіру машинасының сұлбасы
Олардың қатарына ПК-100 машинасы жатады. Бұл машина екі қабат жіпті ширату үшін және барлық қосу машиналарымен иіру машиналарының жартысының орнына қолданылады.
Созба оралған катушкалар (1) қамтушы рамаға қондырылады (34-сурет). Катушкалардан төгілген созба созу құрылғысына (2) жіберіледі. Мұнда созба иіру машинасындағыдай созылады.
Созылған өнім немесе жапсарлас зат жіпке (3) ширатылады, одан жіп жүргізгіш (4) қуыс ұршықтың құбырына бағытталады.
Қуыс ұршыққа сақиналы иіру машинасында алынған жіптің собығы (6) кигізілген. Жіп собықтан төгіліп, ұршық құбырына жіберіледі. Мұндай жіп осы машинада шығарылатын жіппен ширатылып, ширатпа жіп пайда болады..
Ширатпа жіп құбыр арқылы тарту білікшелерімен, жіп жүргізгіш (8) арқылы патронға (9) оралады. Бобина айқас оралған цилиндр формалы болады. Патронға айналу, орау білігі (10) арқылы беріледі. Жапсарлас заттың және жіптің өзара ширатылуы ұршықтың көмегімен орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |