§16.1. Мата суретінің сабақталау есебі.
Сабақталу есебі – матаны тоқу үшін тоқу станогын дайындаудың негізгі өлшемдерін анықтау. Олар: дайын матаның ені, желі және арқау жіптердің сызықтық, сұр матаның желісі және арақуы бойынша тығыздығы, өрім түрі, матаның қысөаруы және ашылуы. Бұлардың бәрі мемлекеттік стнадарт немесе техникалық шарттар бойынша қабылданады.
IV. МАТАЛАРДЫ ӨҢДЕУ
§1. Мата өңдеу туралы жалпы мағұлматтар
Тоқу станогынан түскен мата өңделмеген немесе сұр мата деп аталады.
Сұр мақта матасының құрамында талшықтардың табиғи серіктері және шлихта, майлағыш заттар болады. Сондықтан, сұр мата дөрекі, қатты, сұр немесе сарғыш түсті, су тарпайтын болады.
Маталардың сыртық түрін, сапасын және тұтыну қасиеттерін жақсарту үшін өңдеу өндірісінде өткізеді. Өңдеу кезееңінде мталарға арнайы қасиеттер береді, мысалы, аз қыртыстану, аз апшу және т.б.
өңдеу өндірісінде маталар механикалық және физика-механикалық, химиялық технологиялық процестерден өтеді. Әсіресе химиялық өңдеу түрлері басым болады.
Мақта-мата өндіріснде маталарды өңдеу бояу-өңдеу өндіріснде немесе цехтарда орындалады. Осы өндірісте орындалатын процестер 4 топ құрайды:
маталарды бояуға және сурет басуға дайындау;
маталарды бояу;
маталарға сурет басу;
соңғы өңдеу.
§2. Мақта-маталарын дайындау
Мақта тоқу өндірісінен өңдеу өндірісінің сұр маталар қоймасына келіп түседі. Онда олардың сапасы тексеріледі, таңбаланады, партияларға жинақталады және таспа түрде мата бөліктерінің шеттерін тігеді.
Матаның барлық санынан сортын анықтау арқылы 10%-і сапа бағалауға жатады, ал оның нәтижесі барлық матаға жайылады.
Бақылауды көзбен ақаулағыш-өлшегіш машиналаржа Бм-120 және Бм-140 машиналарында өткізеді. Мата вериткальға 350 бұрышпен орналастырылған бақылау столы арқылы өткізіліп тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |