1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§15.1. Қарапайым (тегіс) айқаспалар



бет63/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   98
§15.1. Қарапайым (тегіс) айқаспалар

Қарапйым айқасулар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас-сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынадай: раппортта әр желі жіп арқау жіппен бір-ақ рет айқасады; желі бойынша раппортқа тең.


Жаймалық – тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда желі мен арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына желі жіп (н) және арқау (жіптер бойынша жайма) жіп (а) (45-, а-сурет) кезекпен шығып отырады. Желі және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорттары екі жіпке тең. Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді.
Жаймалық айқасулар шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя және т.б. мақта маталар; жайма, бортовка, парусин және т.б.
Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты да болады.
Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі- сызықтар матаның диагоналін бойлай кетеді (саржа, кашемир, шотландка және т.б.). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді. Саржаны жасағанда өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз – 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы желі жапқыш саны н, ал бөлшегінде – арқаулық жапқыш саны а қойылады (45-сурет).














45-сурет. Айқаспа түрлері

Саржаның желі бойынша раппорты арқаулық рапортына тең және алым мен бөлімдегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында желі жіптер басым болса, саржалық айқаспа желі деп аталады (2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, саржа –аарқаулық деп аталады (1/2, 1/3, ө). Желі саржалық айқаспамен әдетте – мақта. Арақуы саржалық айқаспамен әдетте жартылай жүн маталар жасалады, оладың желі мақта, ақау жүн.


Саржаның раппортындағы жіптердің санына және желі мен арқаудың тығыздығына байланысты саржа айқаспасындағы сызықтардың қисаю бұрышы әртүрлі болады. Тығыздығы бірқалыпты және желі мен арқаудың жіптерінің дуандығы бірдей болған жағдайда, саржа сызығының қисаю бұрышы 450-қа тең. Саржалық айқаспа матаға иілгіштік, жұмсақтық береді, бірақ жаймалықтыққа қарағанда мықытылығы нашар, себебі саожалық айқаспаның жапқышы жаймалық айқаспаға қарағанда сопақтау, ұзындау. Матаның тығыздығы төмен болған жағдайда, олар жиагоналы бойынша қатты созылады.
Сәтенді атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сондықтан да олардың оң беті тегіс және жылтыр. Сәтеннің оң бетіндегі арқау жіптері, ал атласта желі жіптері басым. Сәтендік және атластық айқаспалардың раппорттарында кемінде 5 жіп болуы керек.
Бес жіпті сәтен (45-суретте) раппорттағы әр желі жіп н бетке тек бірақ-ретшығады, сонан соң төрт арқау жіптің а астында өтеді. Сондықтан айқаспалық суретін салғанда, әр көлденең қатарда бір көзді бояп, төрт көзді ашық қалдыру керек, т.с.с. Келесі көлденең қатарда да жіптердің алмасуы осындай болады, бірақ екі жіпке жылжиды. Сегіз жіпті сәтендерге желі жіп жеті арқау жіптің астына өтіп, ал бір жағына қарай 3 немесе 5 жіпке жылжиды. Өте көптарлаған мақта мата – сәтен осы сәтендік айқаспамен тоқылады. Сәтендік айқаспаларда ақаулық жапқыштардың ұзын болуына байланысты өте тығыз мата алуға мүкіндік бар (45-сурет). Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр желі жіп н төрт арқау жіпті а жабады да, бір арқау жіптің астына түседі. Бұл әдәспен мақта түрлерін – сәтен-дубль және ләстік, зығырдан – костюмдік-коломенок; жібектен – креп-сәтен, корсет маталар, ішкиімдік штапель маталар, жібек дәне жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Сәтендік және атластық айқаспаматаның үйкеліске төзімділіг артады. Мұндай маталардың кемшілігі- сусып, ыдырағыш, төсегенде, тіккенде сырғымалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет