1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет64/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§15.2. Майда өрнекті айқаспалар

Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар; қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапйымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда желі мен арқаудың раппорттары әртүрлі болуы мүмкні.


Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата ) жатады.


§15.3. Күрделі айқаспалар

Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлер.


Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланады.
Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы немесе жалпақтығы әртүрлі суреттері жолақ не түктен салынған ою-өрнекті болуы мүмкін. Жолақтың ішінде майда түкті өрнектер де салынуы мүмкін.
ТҮкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе түпкілікті – желі және арқау. Түпкілікті жүйелерде жаймалық және саржалық айқаспалар болады, олардың тығыздығы жоғары болғандықтан түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар – жартылай барқыт пен шибарқыт – олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады, арқаулық жүйеден тұрады.


§15.4. Ірі өрнекті айқаспа

Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлгері мен формасы әрқилы болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композициялар, сюжетті және тақырыптық суреттер, кілемдер, гобелендер, жапқыштар, дастархандар және т.б. жасалады.


Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі ьолып бөлінеді.


§16. Сабақтау түрлері

Тоқу станогын сабақтау және онда берілген өріммен мата алу үшін сабақталау суретін жасау керек. Сабақталу суреті өрімнің граифкалық бейнесі. Ол бірнеше элементтерден тұрады:



  • өрім суретінің раппорты;

  • ремизге бердоға желі жіптерін сабақтау сурет;

  • әрбір күзуге ремизкалардың көтерілуу ретін көрсететін картонның суреті.

Сабақталу суретінде (46-сурет) біріншіден, шартты түрде өрімді раппортымен бейнелейді. Раппаоттың саны ремизкалардың санына және сабақтау түріне байланысты. Суретте желі жіптерін солдан оңға қарай санайды, ал арқау жіптерінің ретін төменен жоғары қарай көрсетеді. Ремизкалар және оларға желі жіптерін сабақтау ретін өрімнің суретінің жоғары түсынан орналастырылады. Емизкалар көлденең сызықтармен көрсетеліп, ретін жоғарыдан төмен белгілейді. Ремизкалардығ саны берілген өрімнің раппортындағы желі жіптеріне байланысты. Өрім суретін әрбір желі жібінен тек сызықтар жүргізіп желі жептері ретінде есептейді. Осы сызықтар ремизка ретінде бейнеленген көлбеу сызықтармен түйіскен жерде нүкте қойылып, ремизге желі жіптерінің сабақталуын белгілейді.
Өрім суретімен ремизкалардың арасында шартты түрде көлбеу сызықтармен бердоны көрсетеді. Бердоның тісіне сабақталған желі жіптердің санын бояп тастаған тормен белгілейді.
Картонды сабақтаудың оң жағында ремизкалар белгіленген сызықтардың жалғасында орналастырылады. Ремизкалардың көтеріу ретін креспен белгілейді. Белгілеу өрімнің суретіндегі бірінші жабылымнан соңғысына дейін орындалады. Барлық желі жіптердің жабылуын толықтырылу кардаларына көшіреді.
Ремизкаларға желі жіптерін сабақтаудың 4 түрі белгілі:

  • қатардағы;

  • шашыраңқылы;

  • кері;

  • құрама.

Қатардағы сабақтау түрінде желі жіптері ремизкалардың галевтерінде кезекпен, бірінші резикадан бастап сабақталады. 46, а-суретте және 46, б-суретте екі және төрт ремизкада көрсетілген.


46-сурет. Жаймалық айқаспаның сабақтау суреті

Шашыраңқы сабақтауда желі жіптер галевтерге бір ремизкадан кейін сабақталынады. Төрт ремизкада жаймалық өріммен мата алуға қолданылады (46, б-сурет).


Кері сабақтауда желі жіптерін алғашқыда қатардағы сабақтау әдісімен кезекпен, бірінші ремизкадан бастап, содан кейін кері бағытта сабақтайды. Бұл әдіс симметриялық өрнекпен өрім тоқуға қолданылады. 46-суретте жаймалық өрімен екі және төрт ремизкаларда тоқылатын матаның сабақтау суреті көрсетілген.
Бірінші арақау жіпі үшін күщу ашылуға бірінші және үшінші ремизкаларға сабақталған бірінші және үшінші жібі жіптері көтерілууі тиіс.
Екінші арақу жпке күзу ашылуға екінші және төртінші ремизкаларға сабақталған екінші және төртінші ремизкаларға сабақталған екінші және төртінші желі жіптері көтерілуі тиіс. Осыған сейкес суретте торлар сызылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет