Маталарды отпен шарпу.
Отпен шарпу маталардың бетіндегі шығып тұрған талшықтардың шетін, түйіндерді күйдіру арқылы жою үшін жүргізіледі. Отпен шарпуға ұйпаланатын (фланель, бомази, бәйке), түкті (барқыт, шибарқыт), дәке және сүлгілік маталардан басқа барлық маталар жатады.
Отпен ашрпу процесі 3 типті машиналарда жүргізіледі:
газбен шарпу;
плиталық шарпу;
цилиндрлік шарпу
бірінші типті машиналарда маталар газ жалынының үстінен үлкен жылдамдықпен өткенде қысқа талшықтар жанып кетеді. Ал соңғы екі типті машиналарда мата беті қатты қыздырылған плиталарда немесе циилндрлерді жанап өтеді.
Газ жалынымен шарпу машиналары конструкциясы бойынша және газбен жанғыш жұмыс орнының орналасуы бойынша айырмашылығы бар.
47-суретте әмбебеп УГО-240(ӘГШ-240) машинасының сұлбасы көрсетілгін.
/ 2 3 4 5
47-сурет. УГО-240 әмбебап машинасының сұлбасы
Мата енгізу (1) және түбір тазарту (2) құрылғылардан, екі радиациялық газ горекаларынан (4) тұратын камераға кіргізіледі. Мұнда мата талшық шеттерінен және түбіттен босайды. Сурете матаны екі жаймамен екі жағынан шарпығанда (түзу сызықы) және бір жағынан екі горелкамен шарпу штрих пунктирмен көрсетілген. Отпен шарпығанан кейін мата тоқу сөндіру (5) құрылғысына түседі. Мұнда матаның шоқтан жанып кетуіне жол бермейді. Отпен шарпу кезінде матаның жалын үстіненөтуі үлкен жылдамдықпен (5-240 м/мин) жүргізіледі (матаның түріне байланысты).
Газды және ауаны автоматты түрде дозалау құрылығысы болғандықтан, мата үзіліп кеткенде немесе машина тоқтағанда газ қоспасы берілмейді.
Газ жалынымен шарпу машиналары арнайы отқа төзімді қабырғамен бөлінген және жергілікті желдеткіш құүрылғымен қамтылған.
Отпен шарпу кезеңінде келесі ақаулар болуы мүмкін: шарпылмай жиекпен шарпылған. Ақаулар плиталардың біркелкі қыздырылмағандығынан немесе матаны горелкаларға дұрыс баспағаннан болмауы мүмкін.
48-сурет. ММ-200-6 мата жуу-шаю машинасының сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |