1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§1. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру



бет80/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§1. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру

Іліп тоқыла тігілген жайманы толтырғыш ретінде талшықты жайғақ, жіптер жүйесі, мата, қабыршық және т.б. болады. Талшықты жайғақ мақта талшықтарынан, мақта иіру өндірісінің иіруге жарамды қалдықтарынан қалыптастырылады. Сонымен қатар жүн және химиялық талшықтарды иіру өндірісінің қалдықтарында қолданылады.


Мақтаны қопсыту, түту-тазарту, араластыру және майлау қопсыту-түту агрегаттарында орындалады.
Мақта талшықтарын, сонымен қатар ұзындығы 65 мм болатын таза химиялық талшықтарын тарау қалпақты тарау машиналарында орындалады. Жүн, жүннің химиялық талшықтармен қоспасын, ұзындығы 55 мм-ден астам таза химиялық талшықтарды тарау білікті тарау машиналарында орындалады. Екі жағдайда да тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған (62-сурет).





62-сурет. Тарамды өзгерткіштің сұлбасы

Тарау машинасының түсіру барабанынан алынатын мақта тарамы біртіндеп тасымалдану торларына (2, 3, 4) түседі. Олар тарамды торға (6) түсіріп салады. Талшықтарды көлденең орналасқан жайғақ (5) іліп тоқыла тігілген машинаға жіберіледі. Жайғақтың ені және қалыңдығы тордың (4) жүру және тордың (6) жылдамдығына байланысты.


Беймата жайманы тоқу-тігу әдісімен қалыптастыру тарау-тоқу агрегатында орындалады. Мұнда қалпақты немесе білікті тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған және тоқу-тігу машинасымен тіркестірілген.
Жайғақты қалыптастыру тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының көмегімен немесе желімденген беймата өндірісінде қолданылатын гидродинамикалық әдіспен орындау мүмкін.
63-суретте талшықты жайғақты қалыптастыруға арналған қалпақты тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының сұлбасы көрсетілген.
Қалпақты тарау машинасының түсіру барабанынан түсіргіш білікшеден (2) алынатын талшықтар құбыр бойымен (3) ауа ағынымен әкетіледі. Одан талшықтар торлы барабанға (4) келіптүседі. Барабанның бетінде желдеткіштің (6) көмегімен вакуум пайда болады. Талшықтардың шашыраңқы ағыны жайғақ жасайды х = -2, яғни білігі (5) нығыздалған, талшықтарды әртүрлі бағытта орналасқан, қалдығы және ені біркелкі талшық қабаты пайда болады.



63-сурет. Талшықты жайғақты қалыптастыруға арналған қалпақты тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының сұлбасы
Тосқауыл (7) үстінде орналасқан барабанның (4) бетінде вакуум болмайды және жайғақ шығарушы торға (8) жеңіл түседі.
Жайғақтарды тоқып тігу Маливатт және Арахне типті машиналарда орындалады. 64-суретте Арахне машинасының тоқыла тігу торабының сұлбасы көрсетілген.
Тізбе орауыштан (1) көзді инелер (2) тігу жіптерді (3) жеткізіп тұрады. Жіптермен қуыс ине (7) конвейермен келіп түсетін жайғақты (8) тігеді. Ақырғы (4) және тойтарыс (6) платиналары шалу құрау үрдісін реттейді, ал шығару білікшелері (5) машинадан тігілген жайғақты шығарып алуды орындайды.
Тоқу үшін жалаң қабат немесе ширатпалы мақта жібін, капрон. Хлорин, лавсан құрама жіптерді қолданады.
Жіптерді тоқуға дайындауға төмендегі процестер жатады:
- қайта орау бір тік иіршікте ұзындығы үлкен жіп алу үшін);
- тазарту (қоқыстардан, түбіттен, жуан жерлерін алып тастау үшін);
- парафиндеу немесе эмульсиялау (жіпті тегістеу үшін).
5 6 7
1 2 3 4

64-сурет. Арахне машинасының тоқыма тігу торабының сұлбасы.


Жайғақтарды біріктіре тоқу көбіне желі жіптік өрімдермен (трико-тізбекті, шұға-тізбекті) орындалады. Мұндай жағдайда тоқу-тігу машинасы көзді инелері бар екі тарақтан және тігу жіптерімен екі тізбе орауыштан тұрады.


Тізбе орауыштан жіберілетін өзара перпендикуляр немесе бұрышпен орналасқан жіптер жүйелері Малимо (Германия) типті машиналарды келтірілген әдіспен тоқыла тігіледі. Мұндай тәсілмен алынған жаймалар жіппен тігілген деп аталады. Олар өте берік, қалпын сақтағыш, мата тәріздес және соның орнына қолданылады.
Сирек тоқылған мата түріндегі қаңқаны іліп тоқып тігу Малиполь (Германия) типті машинада орындалады. Тігу жібі шалулар құрастырып жайманың бетінде ілмекті түк пайда болады.
ІЛіп тоқыла тігілген жайманың қасиеттері тек қана жайғақтың құрамы мен құрылымына ғана байланысты емес. Тесіп тігетін жіпке, өрімдер түріне, жайманың ені мен ұзындығы бойынша тігу тығыздығына және шалу жібінің ұзындығына байланысты. Мұндай жаймалар көйлек, костюм, көрпе, сүлгіңлік бұйымдар шығаруға қолданылады.
Техникалық материал түрінде фильтр, конвейерлер таспасы, буып-түюге қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет