1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет76/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§5.3. Соңғы өңдеу технологиясы

Соңғы өңдеу технологиясы маталарға тауарлық түр, әртүрлі қасиеттер құрамасын беру үшін жүргізіледі. Өңдеу операциялары әртүрлі топтарға бөлінеді:


1. Мехинакалық өңдеу процестері, яғни өңдеу операциялары тек қана машиналар мен механизмдердің көмегімен орындалады. Мысалы, матаны ені бойынша созу;
2. Физика-химиялық процестер арқылы, яғни физикалық факторлармен және химиялық материалдармен арнайы өңдеу өткізу арқылы өңделеді. Мысалы, кептіру, қалпын сақтау т.б.
Маталарға қолдануына қарай әртүрлі өңдеуден өткізеді. Мысалы, матаға жұмсақ немесе қатыңқы, драптлыну, қыртыстанбау, апшу қабілетін азайту және т.б. қасиеттерін жақсарту үшін өңдеу түрлері де әртүрлі болады. Қазіргі кезеңде бірнеше қасиетін құрама түрде қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Көбіне мұндай қасиеттерді қамтамысз ету түрлі химиялық препараттардың ерітіндісін қолдану арқылы орындалады. Мұндай препараттарды аппреттер деп атайды, ал технологиялық процесті аппреттеу дейді.
Соңғы өңдеу процестерінде аппреттеу операциясын маталарға механикалық өңдеу тәсілімен біріктіріп өткізеді. Оларға ені бойынша керу, қиғаштылығын түзету және т.б.
Соңғы өңдеуді өз алдына бөлек орналастырылған жабдықтарда өткізіледі. Мұнда әрбір машинада 1-2 технологиялық операциялар орындалады. Сонымен қатар өңдеу маманданыдырылған желілерде өңдеудің барлық негізгі операциялары жүйелі түрде орындауды қамтамасыз етеді (аппреттеу, кептіру, қиғаштылығын түзету, стандарттық енін беру, тегістеу және шиыршықтап орау).
Соңғы өңдеуде маталарды аппреттеу маңызды болып табылады. Әсіресе аппреттің құрамының әсері үлкен. Апппреттің негізгі компоненті қабыршықтанатын заттар. Олар тек қана құрамның қоюлауына ғана әсерін тигізбей, сонымен қатар талшықтың бетінде жұқа қабыршық пайда болуына, матаға арнайы қасиет береді.
Қабыршықтанатын заттар ретінде жоғары молекулалық қосылыстар – крахмал (көбіне ағартылған маталар үшін), трагант (боялған маталар үшін), целлюлозаның туындылары, әртүрлі латекстер, яғни, синтетикалық полимерлердің тұрақты суспензиясы мен эмульсиялары қолданылады.
Ішкиімдік маталар ассортиментін өңдеуге қолданылатын препараттар шайылып кететін аппретке жатады. Матаны суда ерігіш препаратпен өңдеу оны тұтыну кезінде механикалық тозудан сақтайды, бірақ жуғанда шайылып кетеді.
Синтетикалық термопластикалық шәйір немесе заттарға жататын аппреттер шайылып кететіндерге жатады. Өйткені олар келесі жылу өңдеуден өткенде шайыр түзеді. Олардың көмегімен маталарға әртүрлі өңдеу жүргізеді.
Аз шайылатын өңдеу термопластикалық шайырлар негізінде (МАПС) және термореактивтік шайырлар негізінде (МАРС) маталардың тозуға төзімділігін жоғарылатады, механикалық және фотохимиялық құрылым өзгертуден сақтайды. Сонымен қатар келесі өңдеулер қолданылады:

  • жеңіл үтіктелген (ЛГ);

  • жеңіл кетуді қамтамасыз ету (ЛУ);

  • жібек тәріздес күмістеу әсер беретін (СШО);

  • аз қыртыстану (МС);

  • өрнек салу (Т);

  • апшымайтын қасиет беретін және жылтыратып (Л).

Аппреттеу арнайы өңдеу-аппреттеу желісінде ЛАО-120(59-сурет) жүргізіледі. Мұндай желі машинаның типіне қарай үш модификацияланған түрде шығарылады (18-кесте).

18-кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет