1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


ЛАО өңдеу-аппреттеу желілерінің техникалық сипаттамасы



бет77/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

ЛАО өңдеу-аппреттеу желілерінің техникалық сипаттамасы



Параметрлер

ЛАО-120-Б-2

ЛАО-120-4

ЛАО-120-5

ЛАО-180

Жұмыс ені, мм

1200

1200

1200

1800

Өңделетін матаның ені, см

43-105

43-105

43-105

70-165

Матаның беттік тығыздығы, г/м2

300-ден жоғары емес










Матаның жылжу жылдамдығы, м/мин

25-125

25-125

25-125

25-125

Ішкиімдік маталарды өңдеуде қолданылатын ЛАО-120-Б-2 желісінің құрамына ширақ тегістегіш және сулы каландр кіреді. Өйткені бұл маталар көбіне суланып сығылған түрде өңделетін болғандықтан, керекті сығу айырмашылығын жасау қажет. Сәтендік топтағы маталарға қолданылатын ЛАО-120 желісінде өңдеу каландрі жоқ. Ал ЛАО-120-5 желісі өңдеу каландрімен аяқталады.


Аппреттер құрамына, г/л. МАПС өңдеуде қолданылатын аппрет:
Поливинилацетат эмульсиясы .......................................................... 10-20
Полиэтилен эмульсиясы .................................................................... 10-30
Немесе эмукрил С, М, 2М ................................................................. 10-20
МАРС өңдеуге қолданылатын аппрет:
КабамолЦЭМ ........................................................................................ 40-60
Немесе метазин ................................................................................... 50-70
Плоивинилспирт ................................................................................... 8
Немесе поликриламид 8% .................................................................... 30
Аммоний хлориді ................................................................................... 2
Аппретті матаға сіңіріп, артық сұйықтан сығып, кептіру барабандарда ылғалдылығы 40-45%-ға дейін кептіреді. Әбден кептіру үшін және термореактивті шайыр түзілу үшін матаны 1200С температурада керу-кептіру машинасында өңдейді. Бірден арқау қиғаштануы түзетіп, барлық ұзындығы бойынша матаны бірден енмен кереді. Арқаудың диоганаль қиғаштануы автоматтандырылған жолмен түзетіледі. Түзету шынжырлардың жылдамдығын өзгерту тәсілімен орындалады. Шынжырлардың бөліктері матаны ұстап тұрады жәнен орнын жылжытады. Шынжырлардың орнын ауыстыру механизмі матаға тағайындалған енін қамтамасыз етеді.
Кептірілген матаны үшбілікті өңдеу каландрінде түзетіп жазады. Каландрдің ортаңғы металл бөлігі 1200С температураға дейін қыздырылады. Каландрдің басқа екі бөлігі созылмалы болады.
Мата каландрде өңделгенде жазылады және тығыздалады. Сонымен қатар аппреттеу процесінде қабыршық өзгеріске ұшырайды.
Матаның жылжу жылдамдығы баяу болса, қабыршық күшті әсерден жылтырланады. Жоғары жылдамдықта қабыршық күңгірт

59-сурет. ЛАО-120өңдеу-аппреттеу желісі

Мақта-матасын өңдеу үшін ЛЗО-140-1 және ЛЗО-180-1 желілері кең қолданылады. Олар мақта және аралас маталарға құрама қасиеттерді беру үшін қолданылады. Оларда маталарды технологиялық ерітінділерде сіңдіру, кептіру, арқау қиғаштығын түзету, керу, каландрлеу және жоғары температурада өңдеу орындалады. Арнайы ерітінділерде қолдана отырп, мақта және аралас маталарға апшуға қарсы химиялық өңдеу, жеңіл үтіктеуге өңдеу сияқты әртүрлі өңдеу операцияларын орындауға болады.






60-сурет. ЛЗО-140-1 желісінің технологиялық сұлбасы

60-суретте ЛЗО-140-1 технологиялық сұлбасы қолданылған. Мата желіде түзетілген жайма түрінде арбадан енгізіледі де екібілікті плюсовкаға ПД-140-7 (1) түседі. Онда мата аппреттің ерітіндісімен сіңдіріледі. Плюсовкадан кейін мата кезекпен барабанда кептіру машинасынан СБМ-02-8-140 (3), арқау қиғаштығын түзету қондырғысынан УИП-140 (4), керу-кептіру машинасынан МШС-05-140 (5), өңдеу каландрден К-140 (6), термоөңдеуге арналған қондырғыдан УТО-2-140 (7) өтеді де, орау машинасында МНП-140-4 (8) рулонға оралады. Желіде беттік тығыздығы 180 г/м2 дейін болатын гидрофильдік маталарға сіңдіру үшін гравировкалы біліктері бар ПГВ-140-2 (2) плюсовкасы орналастырылған. Мұнда мата ПД-140-7 плюсовкасынан өткізілмей, бірден гравировкалы білікке жіберіледі де, жай плюсовкаға қарағанда карбамолдың концентрациясы үш есе артық аппрет ерітіндісімен сіңдіріледі. Ылғалдылығы 35-40%-ға дейін сығылған мата СБМО-2-8-140 кептіру машинасынан өтпей арқау қиғаштығын түзететін қондырғыға түседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет