§13.3. Тарақты таспаның сапасын бақылау. Таспа ақаулары. Тарақты тарау қалдықтары.
Тарақты таспа жіңішке, берік сапалы жіп иіруге дайындалатын болғандықтан оған күшейтілген талаптар қойылады. Екі айда бір рет 12 бесметрлік ксінділері бойынша сызықтық тығыздығы және ол бойынша біркелкісіздігі анықталады. Таспаның біркелкісіздігі 2,0-3,5% аспауы тиіс. Сонымен қатар, жайғақтың да сапасы бақыланады. Олардың сызықтық тығыздығы аптасына 1 рет, ал біркелкісіздігі айына 2 рет тексеріледі. Алынатын жіптің сапасына байланысты жайғақтардың 100-метрлік кесінділерінің біркелкісіздігі 1,1-1,8% аспауы тиіс.
23-сурет. Тарақты тарау машинасын сұлбасы
Тарақты тарау машиналарының дұрыс жұмыс істемеуі келесі ақаулардың пайда болуына себеп болады:
- көмескі немесе дақты тарам (тарақтардың деформацияланған инелерімен);
- тарамдағы шиыршықтар және талшық бөліктерінің нашар дәнекерленуі (бөлгіш қондырғының машинаның басқа органдарымен сәйкестендірілмеген жұмысынан);
- тарамдағы бүршіктер және талшықты жолақтар (тарақты барабанның нашар түрде болуынан);
- тарамның қоқыстылығы (жартылай өңделген заттардың тым қоқыстылығынан).
Ақауларға жұқа мақта қабаты, тарам жиектерінің жұлынуы таспадағы қиылған тұсатары жатады. Тарақты тараудың барлық қалдықтары басқа қоспаларға қосуға бағалы шикізат болады. Сондықтан оларды қалдық тозаңдар демей, тарам қалдықтар деп атайды. Тарақты таспа қалыптастыратын тарамның көлемі мен тарам қалдықтарының көлемінің қатынасын дұрыс тағайындау маңызды рөл атқарады. Тарам қалдықтарындағы ұзындықтары 20 мм-ден қысқа талшықтардың мөлшері 40-55%, ал талшықтардың орташа ұзындығы 22 мм-ден жоғары болмауы қажет. Шығарымдар бойынша тарам қалдықтардың көлемі машина бойынша орташа мәнінен (10-25%) 2,0%-тен аспауы қажет.
Тарам сапасын айына 2 тер тексереді. Ол үшін 20*30 см болатын шыныға салынған талшық қабатын қарап, ақаулар санын санайды. Тарақты тарауға дейінгі және тарағаннан кейінгі ақаулар тарам ажырату тиімділігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |