1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§14. Тарау машиналарында техника қауіпсіздігін және өртке қарсы шараларды сақтау



бет30/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§14. Тарау машиналарында техника қауіпсіздігін және өртке қарсы шараларды сақтау

Тарау машиналары ең қауіпті машиналар қатарына жатады. Машинаның электроқозғалтқышын іске қосқанда бас барабанның жүріс алуы 15 минут жалғасады. Машинаны жұмысқа қосқанда жайғақ шетін қатушы цилиндрдің астына саусақтардың ұштарымен салуға тыйым салынады. Жаңа және үзілген жайғақты қатушы цилиндрге саусақтарын бүгіп салуы қажет. Машинаны іске қосу оны тек алдын-ала қарап тексеріп, машина жанындағы адамдарды ескерткенен кейін орналасуы тиіс. Машинаға жөндеу жүргізгенде тек қана керекті құрал қолдану қажет. Жөндеу біткенен кейін немесе машинаның жұмыс органдарын қарағанан кейін қоршауын және алдын-ала сақтандыру құралдарын орнына орналастыру қажет. Машинаға ребортары сынған шкифтарды, сынық тістері бар тісті дөңгелектерді қоюға болмайды.


Бас және түсіру барабандарын тегістегенде тегістегіш құрылғының айналып тұрған дөңгелегіне қарсы тұруға болмайды. Машинаны тазартқанда тек қана қол щеткаларын немесе құрылғыларын қолдануға болады. Мұндай жұмыстарды сол машина толық тоқтағанда жүргізуге болады.
Тарау машиналарында қауіпті зоналарын майлауды машина толығымен тоқтағанда жүргізуге болады.
Машинада немесе машина астында бөтен заттарды сақтауға болады.
Машинаның электрожабдықтарының жұмысын атқаруға электрқондырғылардың және оларды эксплуатациялауға білімі жеткілікті деген куәлігі ба тұлғаларға рұқсат беріледі. Басқару станциясын кезекті электрмонтерге тек қана машина тоқтағаннан кейін ашуға рұқсат беріледі. Бас барабаның қарсы айналуына жетекші электрмонтердің рұқсатымен тарау цехының смена бастығы іске қосады.
Машинаны қосу тек қана жөндеу жұмыстары біткенен кейін және электрмонтер тексергеннен кейін мүмкін болады. Машинаны басқару станциясы жабылмаған болса, іске қосу тыйым салынады. Әрбір жөндеу біткеннен кейін жерге қосуы бар екендігіне көз жеткізу қажет. Электрқозғағышты түбіттен ауысымда 3-4 рет тазарту қажет.
Өртке қарсы шаралар адамдарды, мүліктерді және жабдықтарды, ғимаратты оттан қорғау мақсатымен жүргізіледі.
Тарау цехында өрттің шығу себептеріне мыналар жатады:
- электрсымының немесе қозғағыштың ақаулары;
- тез айналатын бөліктердің нашар майланғаны;
- металл бөліктерінен шоқ шыққанда, мысалы, гарнитураны тарағанда және қайрағанда;
- қоқымдардың, талшықты материалдардың, әсіресе майлы материалдардың өздігінен жануы.
Тарау цехында келесі өртке қарсы қолданылатын құрыл ғылар болуы тиіс: спринкалар, яғни автоматты су түтік жүйесі, өрт су құбыры, өртсөндіргіштер, құрғақ құм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет