1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§13.2. тарақты тарау машиналарының жұмыс принципі



бет28/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§13.2. тарақты тарау машиналарының жұмыс принципі.

Тарақты тарау машиналары жұмысшы органдардың өзара көмектесе әрекет жасауына байланысты әртүрлі типті болады:


- жылжымайтын қысқыш және жылжымалы бөлуші қондырғылы;
- аракідік жылжымалы қысқыштар;
- үздіксіз жылжитын қысқыштар.
Сонымен қатар, машиналар біржақты екі жақты болуы мүмкін. Бөлек қалыптастырылатын таспа саны бойынша төрттен, алтыдан және сегізден таспа шығаратын машиналар болады. Бірақ барлық машиналарда тарақты тарау үрдісі бірдей жүреді.
23-суретте 1531 маркалы «Текстима» (Германия) машинасының сұлбасы көрсетілген.
Жайғақ жасау білікшелері (1) мезгіл-мезгіл әрбір шығаруда жайғақты жазады. Жайғақ науамен (2) қамтушы цилиндрлерге (3) келіп түседі. Қамтушы циилндр әрбір тарай циклында екі қозғалыс жасайды:
- қысқышқа қатысты қамту шамасына айналу;
- қайтып-айналу қозғалысы. Мақтаны тарақты барабанмен қосымша тарауды қамтамасыз етеді.
Қамтушы цилиндрмен беріліп тұратын мақтаның бөлігі қысқыштың төменгі (5) және жоғарғы (6) еріндерімен қыстырылады. Қысылған жайғақтың шеті салбырап, тарақты барабанмен таралады. Тарақты барабанмен әртүрлі жуан инелі (14) тарақтардан (7) тұрады. Алғашқыда мақтаның салбыраған шетіне дөрекі және сирек инелі тарақтар әсер етсе, одан кейін инелердің біртіндеп жіңішкеріп, ал жиілігі жоғарылайды. Сонымен қатар мақта жоғары тарақтан да (8) таралады. Салбыраған мақтадан талшықтар бөлгіш цилиндрлермен (10) және білікшелермен (9) бөлінеді. Олар өздерінің біліктерін айнала қозғалудан басқа, қысқыштарға қатысты, біресе жақындап, біресе алыстап қозғалады. Бөлгіш қондырғыдан шыққан мақта тарамы жаншу біліктері (12) бар таспа қалыптастыру воронкасына (11) түседі.
Воронкадан өтіп, бұжырлы жаншу біліктердің (12) және бағыттағыш томпақтың (13) әсерлерінен мақта таспа түрінде столға (14) шығады.
Барлық шығарымдардың таспалары жаншу біліктерден өткеннен кейін екі цилиндрлі созу қондырғыға келіп түседі. Біріктірілген және созылған таспа таспасалғышқа екі таспаны бөлек екі тегешке салуға жіберіледі.
Мақтадан тарағанда шыққан қысқа талшықтар –қалдықтар, тарақты барабаннан шеңберлі шөткемен (15) түсіріліп, машинадан торлы барабан (16) арқылы пневматикалық әдіспен шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет