1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§16. Таспалық машиналар. Құрылымы және жұмыс принципі



бет32/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98
§16. Таспалық машиналар. Құрылымы және жұмыс принципі

Мақта иіру фабрикаларында әртүрлі конструкциялы таспалық машинаар қолданылады. Оларда келесі үрдістер орындалады:


- талшықтарды түзету және қатарластыру;
- талшықтарды араластыру және таспаны жуандығы бойынша біртегістеу үшін біріктіру;
- заттың жуандығын автоматты түрде реттеу.
Созу аспабында бірден бірнеше таспалар созылады да, біріктіріліп жаңа таспа қалыптастырылады, 6-8 біріктірілген таспаларды бір таспаға біріктіріп өңдейтін машинаның бөлігін шығару деп аталады.
Әдетте таспалық машинада созу біріктіру санына тең болғандықтан жаңа таспаның сызықтық тығыздығы өзгермейді. Таспалық машинадан таспаны 2 рет өткізеді немесе оны екі бас деп атайды. Онда біріктіру саны 36-64-ке жетеді.



26-суретте Л2-50-1 таспалық машинаның технологиялық сұлбасы көрсетілген.
26-сурет. Таспалық машинаның технологиялық сұлбасы

Таспасалғыш ыдыстардан (1) таспашығару (2) және жүктегіш (3) біліктердің көмегімен таспа бағыттағыш (4) арқылы стол (5) бойымен қамтушы жұпқа (7) жылжиды.


Таспаенін шектегіш (6) реттеп жібереді. Таспа үш (8,9, 11) созу жұбынан, бақылаушы (10) шыбықтан тұратын созу қондырғысына кіреді. Бақылаушы шыбықтың және білікшелердің орталықтарының цилиндрлер орталықтары бойынша ығысуы иілген созу өрісін жасайды. Сондықтан созу үрдісінде талшықтарды бақылау таспаның біртегістілігін жақсартады.
Созу аспабынан таспа жіңішкелеу зонасы (12), бастыру – жұқарту білікшелер (13) арқылы өтіп, құбыр (14) арқылы жоғары табақшаның (17) нығыздауыш воронкасына (15) түседі. Шығару білікшелер (16) арқылы таспа төменгі айналып тұратын табақшаға (19) орнатылған таспа салғыш ыдысқа (18) салынады.
Л2-50-1 таспалық машинада ұзындығы 27-40 мм талшықтардан сызықтық тығыздығы 27-40 мм талшықтардан сызықтық тығыздығы 2,86-4,55 ктекс болатын таспаалынады. Жалпы созып шығару шамасы 5,5-8,5 тең, біріктіру саны 6-8. Шығару жылдамдығы 500 м/мин жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет