1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§15. Таспаны тегістеу және талшықтарды түзеу. Таспалық машиналар



бет31/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98
§15. Таспаны тегістеу және талшықтарды түзеу. Таспалық машиналар

Таспа жасау машиналарда таралған таспаның екі үлкен кемістігі толығымен жойылады:


- таспаның тіркелкісіздігі;
- талшықтардың толығымен түзілмеуі.
Талшықтарды түзеу және бағыттау үшін таспалық машиналарда созу қондырғысы арқылы созылады. Ал оның сызықтық тығыздығын өзгерту немесе біркелкі болуы үшін бірнеше таспаларды біріктіріп автоматты түрде созып реттейді.
Осы мақсатпен жіп иіру үшін таралған таспа және созба дайындау кезеңінен өткізіледі.

§15.1. Таспаларды біріктіру


Таспалық машиналарда бірнеше таспаларды бір мезгілде созғанан кейін оларды бір бірімен байланыстырады. Бұл үрдісті біріктіру үрдісі деп атайды. Жуандығы, құрылысы және де басқа қасиеттері жағынан айырмашылығы бар талшықтар ағыны бір бірімен байланысып, біркелкі таспа осы біріктіру үрдісінде алынады. Таспалық машиналарда бірнеше созылған таспаларды ұзынынан бірітіргенде пайда болатын жаңа таспаның сызықтық тығыздығы жоғары болады. Егер де сызықтық тығыздығы Т1, Т2, ... Тn болатын таспалар қосылып байланысса, онда пайда болатын таспаның сызықтық тығыздығы:




.

Таспалық машиналарда әдетте сызықтық тығыздығы бірдей таспаларды қосады. Яғни Т1 = Т2 = ... = Тn болса, таспаның сызықтық тығыздығы мынаған тең болады:





Таспа біріктіру машинасының жұмыс жасау принципі 24-суретте көрсетілген. Бұл машинада таспалы біріктіру арқылы жайғақ дайындалады. Таспалардың саны 16-24. Таспа біріктіру қондырғысы столдан (1) бағыттаушы тірегіштерден (2), қамтушы циилндрден (3) және жүкті білікшелерден (5) тұрады. Столдың екі жағынан қойылған таспа салынған барабандар таспалар қамтушы циилндрлердің арасынан өтіп, бірқалыпты ағынмен созу қондырғысына (5) келіп түседі. Бұл қондырғыда таспалар екі есе созылады. Қысу білікшелері арқылы нығыздалады және таспа сол біліктердің әсерінен жұқаланады. Білікшенің өзі арнаулы жүк арқылы жайғақ дайындау үшін таспаны басады. Түсіру қондырғысы дайындалған жайғақты катушкаға орау үшін жұмыс жасайды. Бұл қондырғы (8) және (9) білікшелерден тұрады. Білікшелер бір бағытта айналып тұрады. Сондықтан жайғақты айналып катушкаға (10) оралады. Катушка екі дискінің арасында (11) орналасқан.







24-сурет. Таспа біріктіру процесінің сұлбасы

Таспаны біріктіру әдісімен біртегістеу кең қолданылғанымен қазіргі уақытта өндірісте таспаның біркелкілігін автоматты түрде реттейтін машиналар басым. Мұндай машиналарда таспаны жіңішкелеу және біртегістеу арнайы созу құралында орындалады. Созу құралы бірнеше созу жұптарынан тұрады.


Созу жұбы беті кедір-бюұдырланған болат цилиндрден және оның үстінде орналсқан білікшеден құралған.
25-суретте бір зоналы қарапайым созу құрылғысы көрсетілген.
Артқы 1-созу жұбы талшықтарды V1 жылдамдықпен, ал 2-алдыңғы жұп V2 жылдамдықпен тасиды. Сонда V1 > V2 болады. Талшықтар артқы созу жұбынан алдыңғы жұпқа үлкен жылдамдықпен тасымалданғанда арасындағы талшықтар ығысып бір бірінен ара қашықтығы жоғарылайды, яғни затты жіңішкелеу және созу процесі орындалады.
Өнімнің немесе заттың ұзару шамасын созып шығару деп атайды. Созып шығару (Е) алдыңғы немесе созғыш жұптыңжылдамдығының V2 артқы немесе қамтушы жұптың жылдамдығының V1 қатынасына тең.


.




25-сурет. Созу құрылғының сұлбасы
Созу шығару шамасы созу құрылғысының конструкциясымен, әсіресе циилндрлер жұптарының ара қашықтығымен анықталады.
Созу екі текті болады, алғашқысында талшықтар өзара ығысусыз түзетіледі; екіншісінде талшықтар бір-бірін өзара ығыстыру созылады.
Талшықты зат цилиндрлер жұптарынан өткенде бұжырланған циилндрмен және эластикалық (созылыңқы) материалмен қапталған білікшенің арасында қысылады. Соның нәтижесінде талшықтардың өзара қосылған және цилиндрмен немесе білікшелермен түйіскен жерлерінде үйкеліс күштері пайда болады. Үйкеліс күштер кеңістігін үйкеліс күштер өрісі деп атайды. Ол өнімнің созу аспабының параметрлерімен байланысты болады, заттың биіктігі мен ұзындығынан, білікшелерге түсетін күштерден (Р1, Р2) және т.б. құралады.
Созу нәтижесінде талшықтардың түзетілуі түзетілу дәрежесімен сипатталады: түзетілмеген талшықтардың ұзындығы толығымен түзетілген талшықтардың ұзындығына қатынасымен анықталады.
Таралған таспадағы талшықтардың түзетілу дәрежесі төмен (0,56), ал таспалық машинада созғанан кейін 0,75-тең. Созба жасау машинасынан кейін 0,80 жіпте 0,82-деп 0,85-ке жетеді. Созу аспабында талшық шығыны түбіт түрінде өте аз. Сондықтан, созу үрдісінде талшықтарсалмағы тұрақты болып қалады, бірақ үлкейтілген ұзындықта Е-ге тең есе қайта бөлінеді.
Заттың сызықтық тығыздығы созып шығару шамасына тең есеге кішірейеді, яғни


.

Мұнда: Т1 – заттың созғанға дейінгі тығыздығы;


Т2 – заттың созғанан кейін сызықтық тығыздығы.

Таспаның біртегістігін жоғарылататын ең тиімді тәсіл жуандығын автоматты түрде реттеу болып саналады. Созу аспабында кіретін заттың жуандығын, созылуын автоматандырылған реттегіштің көмегімен өзгертеді. Сонымен қатар заттың сызықтық тығыздығын иіру жоспарына сейкес үздіксіз өлшеп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет