§12. Қайықсыз тоқымашылық
АТПР-100 пневморапирлік тоқу станогының технологиялық сұлбасы 43- суретте көрсетілген. Арқау жіп бобинадан (1) бағыттағыш көздер (2,4) және тежегіш құрал (3) арқылы өлшеп алу механизмімен (5) тарқатылып алынады.
Конпенсатордың (6) тесігі арқылы және бағыттағыш көзден (7) өтіп жіп оң жақ рапирге түседі. Қатты құбырлы рапирлер (10,12) планетарлықлық механизмдердің (9) көмегімен күзудің ортасына дейін бір – біріне қарама-қарсы және кері қайтымды-үдемелі қозғалыс жасайды. Оларға құбыр (11) арқылы компресормен қысымдалған ауа беріліп тұрады. Оң жақ рапира (10) күзудің ортасына жеткенде, одан шығатын жіп сол жақ рапирға (12) сооырыл алынады.
Әрбір арқау жіпті салған сәтте шеттегі орында болған батан механизмі арқаудың бердомен матаның шетіне (13) қағады. Осы моментте батанның оң жақ шетіндегі пышақтардың бірі арқау жіпті рапирге (10) енгізеді.
43-сурет. АТПР-100 пневморапирлік тоқу станогының технологиялық сұлбасы
Матаның жиегін жасау үшін әртүрлі жиек жасағыш механизмдер қолданылады.
Пневморапирлік станоктардың бас білігін айналу жиілігі 300-360 мин-1, қайықты станоктардікі – 240-250 мин-1.
Күзуге арқауды салудың жаңа принципі жабдықтардың өнімділігін 1,5-1,7 есе, ал еңбек өніміділіг – 1,3-1,5 есе арттырады.
Пневморапирлік тоқу станоктары 14,9-50 текс жіптерден мақта-мата тоқуға қолданылады.
§13. Кіші габаритті арқау салу тоқу станогы
Кіші габаритті арқау салу тоқу станоктарында (СТБ-типті) күзуге арқау салу тәсілі өзгертілген. Ауыр қайықтың орнына арқау орағыш бекітілмеген кіші габаритті жеңіл арқау салғыштар қолданылады. Негізгі арқау орағыш ретінде бобина саналады. Бобинадан салғыш жіпті іліп алып, күзуге бөлек кесінділер кіргізеді.
СТБ станоктары еніне қарай бірдей уақытта 1,2 және 3 жайманы тоқи алады және онда түрлі түсті жәнесызықтық тығыздығы әртүрді арқау жіптерін қолдануға болады.
СТБ тоқу станогының технологиялық сұлбасы 44- суретте көрсетілген.
44-сурет. СТБ тоқу станогының технологиялық сұлбасы
Желі жіптері (2) тізбе орағыштан (1) төгіліп, оқтаушыны (3) айналып өтіп, электрлік желі бақылағыштың ламельдері (4), ремиздер (5) және бердо (6) арқылы матаның шетіне өтеді. Желі жіптері жасаған күзуге арқау жібі салынып бердомен мата шетіне қағады. Жіп салғыш арқау жібін іліп әкететін серіппелі болат пласитна. Оның салмағы 40 г болады. Күзуге арқауды қорабында тоқтатылып, арқау жіп кесіліп, сонан соң салғыш арнайы тасымалдаушы құрал арқылы арқау-соққыш қорапқа арқаусыз қайтарылады.
Бобинадағы жіптің соңғы шеті алдын-ала запастағы бобинадағы жіптің басымен байлағандықтан, станок бобина таусылғанда, яғни тоқу үзіліссіз жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |