1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет62/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§14. Тоқыма өндірісінің ақауы

Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизмдері бұзылғанда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымларының сортына әсерін тигізеді. Тігін бұйымдарының көзге көрінетін детальдарына тоқыма ақауларының болуы олардың сортының төмендеуіне немесе жарамсыз болуына әкеп соғады, сондықтан бұйымды пішкенде ақаусыз матаны пайдалануға тырсады.


Ақаулы маталарға төмендегілер жатады:

  • жуықтама – негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

- өткінші аралық – арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;
- негіздің шала өңделгені – негіз кейбір жерлерде матаның бетінде, арқаумен айқаспаған күйде жатады;
- сүңгіме – арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде, негізбен айқаспаған;
- кем тоқылғаны – арқау жағынан сирек жерлер;
- жаншыма арқау жағынан сирек жерлер;
- бірқалыпты ұрылмаған – недосека мен забоинаның алмасуы;
- арқаудың ыдрауы – арқаудағы қысқа, жуан жерлер, ол – арқау жібі бумасымен собықтан түсіп кетіп, сол бетімен тоқылған жағдайда болады;
- жіптің түйіні – арқау дұрыс айқаспағандықтан негізгі жіптің кемінде үшеуінің үзіліп кеткендігінен болады;
- жыртығы, ойығы, тіліндісі – тоқыма стонактың бөлшектерінің кінәсінен болған көлемі әрқалай тесіктер;
- былғану мен май дақтары – матаға немқұрайлы қарағандықтан және тоқыма станогын шылқылдата майлағандықтан болады;
- түрлі арқау – ширатуы мен жуангдығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;
Тоқыма өрнегінің ауытқуы (бұрмалануы) – суреттің кейбір жерлерде тағайындалған суретке сейкес келмеуі.


§15. Тоқыманың айқаспа түрлері

Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі немесе ұзыннан жолақтар болуы, бетінің жылтыры негіз бен айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрелі матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылығына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына және т.б. қасиеттеріне әсер етеді.


Күрделілігіне қарай тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: жай (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.
Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын желінің жібі деп, көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің «желі және арқау) қиылысы болады да жапқыш деп аталады, суретте ол көз боялады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса – арқау жапқыш деп аталады да, боялмай ақ болып қалады.
Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрелі мен матаның үлгілерін мұқият қараса, барық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін рпапорт деп атайды.
Әрбір тоқыма айқасуында желі бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Желі бойынша раппорт – айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш не квадрат жасайтын сызықтардың төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет