1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет74/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§4.8. Кубтық бояғыштармен бояу

Кубтық бояғыштар суда ерімейтін бояғыштар болғандықтан түрлі жолмен бояйды. Бірінші кезеңде тотықтырғыш арқылы суда еритін түрге келтіріледі. Екінші кезеңде бояу процесі жүргізіліп, соңында қайта суда ерімейтін түрге көшіріледі. Сондықтан тояудың беріктігі өте жоғары болады. Кубтық бояғыштар түрлі ашық түстерге жақсы бояйды. Көбіне мататоқу өндірісінде матаны бояу үшін қолданылады.




§5. Маталарға сурет басу технологиясы

Маталарға сурет басып шығару деп арнайы бояғыштың қою қоспасы арқылы сурет басып, әртүрлі өрнекпен шығаруды айтады.


Басу технологиясы арнайы басу машиналарында жүргізіледі. Конструкциялық айырмашылығы бойынша олар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Бір және көп білікті басу машиналары;

  2. Жаздық шаблонды басу машиналары;

  3. Дөңгелек шаблонды басу машиналары.

Бірінші топтағы машиналар (58-сурет) тек қана маталарды басу технологиясында қолданылады. Екінші топтағы машиналар көбіне трикотаж жаймаларға сурет басуға қолданылады. Үшінші топтағы машиналар мата және трикотаж жаймалар үшін қолданылады.
Басу машиналарының кең тараған түрлеріне «Текстима» (Германия), «Элитекс» (Чехия), «Циммер» (Австрия). Аталған машиналарда сурет басу технологиясы мына тізбекпен орындалады:

  1. Сурет басу;

  2. Кептіру;

  3. Жетілдіру;

  4. Жуу.

Сурет басудың 4 тәсілі белгілі:
1. Тікелей басу, яғни ағартылған матаға бірден сурет басылады;
2. Үстінен қабаттап басу, яғни ашық түске боялған маталарға басқа түсті бояғыштармен бояу;
3. Күйдіріп басу, яғни қою түске боялған маталардың бетіне арнайы тотықтырғыштар қосылған қоспамен сурет басу;
4. Резервті басу, яғни матаға сурет басылғаннан кейін бояу процесі жүргізіледі.
Кептірілген маталар жетілдіру операциясынан өту үшін арнайы булау аппараттарында немесе жетілдіру аппараттарына жіберіледі. Бекімеген бояғыш заттар және де басқа қосымша заттар кейіннен жуу машиналарында жуылып шайылады.




8 9 10 10



58-сурет. 4 білікті басу машинасына матаны енгізі сұлбасы

Суретбасу көбіне цилиндрлі басу машиналармен жүргізіледі. Олар кептіру машиналарымен тіркестірілген. Негізгі жұмыс органы ретінде бастыру білігі болып саналады. Бастыру біліктері (28-сурет) жүктегіш деп аталатын цилиндрдің айналасында орналасады. Жүктегіштің бетіне серпімділік беру үшін бірнеше қабат мақта-матасы оралған: сонымен қатар жүктегіштің беті арқылы ұзындығы 35 м-ге дейін болатын көп қабатты жайма өтеді. Оны кирза деп атайды. Бастыру машинасына түсералдында матаны синтетикалық талшықтардан тұратын тысымен бірге бүктейді де, жүктегішке салады. Бастыру біліктері үздіксізқозғалыстағы жаймаға жабысып гравюрадан сурет салатын қойыртпаны матаға көшіреді. Гравюраны қойыртпамен үздіксіз қамтамасыз ету үшін әрбір бастыру біліктеріне бояғыш аппарат орнатылған. Ол ракляға, шөткеге және бастыру қойыртпасына арналған жәшіктен тұрады. Шөтке жәшіктен сурет қойыртпасын малып алып, оны бастыру білігінің барлық бетіне салады. Бастыру білігінің айналу бағыты бойынша оған корпусқа жақсы қайырылған болат пластинаны ракляны қысып жабыстырады. Ракля білікті сурет қойыртпасының артығынан тазартып, оны тек қана гравюраның тереңдетілген жерлерінде қалдырылады. Әрбір бастыру білігі тек бір сурет қойыртпасын матаға салады. Сондықтан бір білікті бастыру машинасында біртүсті, ал көп білікті машинада – бірнеше түсті сурет басылады. Өндірісте көбінесе сегіз білікті бастыру машинасы қолданылады.


Бастыру машинасынан 3 жайма түседі. Оның біріншісі – бетіне сурет түрніде қойыртпа салынған мата, екіншісі тысы және үшіншісі – кирза.
Барлық үш жайма кептіру камерасына жіберіледі. Онда мата өте ұзақ уақыт аралығында өтеді, ал тысы кирзаға қарағанда көбірек уақыт аралығында өтеді.
Сурет бастырылған мата кептіру машинасынан кейін жетілдіруге арнайы камераға түседі. Оларды жетілдіргіштер деп атайды. Жетілдіргіште мата шығыршықтармен жылжып тұрады. Олар камераның төменгі және жоғарғы жағына орналастырылған. Желдеткіштер матаның 100-1020С тампературада қаныққан су буының ортасыжнда өңдейді. Осы жағдайда бірнеше физика-химиялық және химиялық процестер өтеді. Камераға суық түрде түскен мата ылғал су тамшылары түрінде жиналады. Ылғал талшықтардың және қойыртқыш заттың қабыршағының ісінуіне әсерін тигізеді. Су ортасында сурет қойыртпасының компоненттері тез ериді де, бояғыш заттардың алмасуына байланысты химиялық реакцияларды бастайды. Осы кезеңде матаның және бу ортасының температурасы күшейіп, ісінген қабыршақта бояғыш зат талшыққа тез өтіп сіңеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет