1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет87/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   98
Астардық маталар тобы. Бұл топқа киім тігуге астар ретінде қолданылатын маталар, қалта және басқа бөліктерге қажетті маталар жатады. Астарлық маталар жатық обялған және бірнеше артикул есебінде. Ені: 75, 80, 85, 90, 95, 100, 140, 150 см.
Түкті маталар тобы. Бұл топқа шибарқыт, барқыт, жатады. Негізінен маталарды жатық боялған түрде шығарады. Соныменқатар шибарқытты сурет басылған түрде, әсіресе бояуды өшіріп сурет бастырумен шығарады.
Шибарқыт мақта жібінен негізде 18,5 текс*2; 15,4 текс*2; 11,7 текс *2 және арқауда 50; 41,7; 25; 16,4; 15,4 текс өндіреді. Сұр маталар қосқабатты өріммен тоқылады. Өңдеу өндірісінде жіпті кесуге арнайы машиналарда және түктеу машиналарында шибарқыттың бетінде жиі немесе сирек ши-ши пайда болады.
Барқытты 15,4 текс*2 екі қабатталған ширатпа мақта жібінен өндіреді.
Орамалдық топ. Бұл топтағы маталар бас және бет орамал шығаруға қолданылады. Оларды өндіруге негізінен орташа сызықтық тығыздықпен жалаң қабат кардалық және тарақты немесе екі қабатталған жіңішке тарақты жіп қолданылады.
Маталар жаймалық айқаспамен тоқылады және беттік тығыздығы аса жоғары болмайды. Топқа 10 артикул кіреді, сурет басылған түрде шығарылады. Бас орамалдарға арналған маталар үшін мына ен тағайындалған: 60, 70, 80, 90, 105 см, бет орамал – 20, 25, 30, 35, 40, 45 см.
Сүлгілік топ. Оған сүлгі ретінде қолданылатын маталар кіреді: ұзын түкті, вафель құрылымды және т.б. Топқа 20 артикуластам маталар кіреді. Ұзын түкті сүлгілерге мата үшін негізде 25 текс*2, 18,5 текс*2 ширатпа таза мақта немесе мақта сиблон жіптерін қолданады. Арқау жібі ретінде орташа сызықтық тығыздықпен жалаң қабат, ширатпа мақта жібін немесе мақтасиблон жібін қолданады. Стандартқа сәйкес сүлгілердің ені: 35, 40, 45, 50, 75, 80, 85 см.
Сұр маталар тобы. Өңдеу қажет емес маталарды сұр түрінде шығарады. Бұл топтың құрамына кейбір бездер, миткальдар, саржалар және т.б. кіреді. Бұл топқа 12 артикул бар.
Жиһаздық-тыстық топ. Бұл топқа 120 артикулдан астам мақтамен аралас және таза мақта маталары кіреді. Олар жиһазды қаптауға, матрас, жастық тыстарын дайындауға қолданылады. Жиһаздық-тыстық маталарды өндіргенде тозуға төзімділігін күшейту үшін негіз және арқау жіптері ретінде жалаң қабат жіппен қатар ширатпа жіп те қолданылады. Кейінгі уақытта ол үшін мақта және синтетикалық талшық аралсқан жіптер кеңінен қолданылып жүр. Ең жоғарғы нәтиже 33% астам полиэфир талшық қосылған мақта полиэфир иірімжіпті қолдана береді.
Гобеленді, кейбір тиктер түрін боялған киім жіптен, мысалы, матрастық және жастық типтерін сурет басылған және жатық боялған түрде шығарады.
Стандарт бойынша жиһаздық-тиктік маталардың ені: жиһаздық үшін 130, 140, 150, 160, 165, 175 см, матрастар үшін 80, 85, 90, 95, 100, 145, 150 см, партерлік және перделік үшін 85, 100, 110, 120, 130, 135, 140, 150, 160, 180 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет