1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Нейроглия  оның құрылысы,  қызметі және түрлері туралы түсіндіріңіз



бет53/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

41.Нейроглия  оның құрылысы,  қызметі және түрлері туралы түсіндіріңіз.

  Нейроглия-2 түрлі клеткалардан құралады:нейроннан және глиоциттерден.Глиоциттер нейрон сияқты импульсті өткізе алмайды.Бірақ, нейрондар глиоциттер болмаса немесе бұзылса өзінің қызметін атқара алмайды.Глиоциттер тірек,айыру,қоректік,гомеостатикалық және қорғаныс қызметін атқарады.Сонымен,нейроглия тірек,қорғаныш,қоректендіру,гомеостатикалық қызмет атқарады.Нейроглия 2түрге бөлінеді:макроглия және микроглия.

Макроглия даму процесінде шығу тегі жағынан нейрондарға ұқсас,нерв пластинкасынан және мезенхимадан пайда болады.Макроглия 4-ке бөлінеді:1.эпендима 2.астроглия 3.олигодендроглия 4.мультипотенциалды глия.

Эпендимоциттер куб тәрізді клеткалар.Мидың қарыншалары және жұлынның орталық каналы эпендимоциттермен астарланған.Эпендимоциттің астыңғы жағында өсінділері болады.Ал қарыншалардың қуысына қарап тұрған эпендимоциттердің үстіңгі бетінде көптеген кірпікшелер болады.Кірпікшелер қозғалуының нәтижесінде мидың орталық каналында ми сұйықтықтарының ағысы реттеліп тұрады.

Астроглия бас миында және жұлында кездеседі,бұлар негізінен жұлдыз тәрізді клеткалар,көптеген өсінділері болады.Астроциттер 2түрге бөлінеді:протоплазмалық және талшықты.Протоплазмалық астроциттер мидың сұр затында орналасады..Олардың өсінділері қысқа және жуан болады.Талшықты астроциттер мидың ақ затында орналасады.Олардың өсінділері жіңішке және ұзын болады.Астроциттердің 2түрі де айыру және қорек қызметтерін атқарады.

Олигодендроглияның өсінділері аз және өте жіңішке болады,бұлар мидың ақ және сұр затында кездеседі.Солардың бір түрі глиоциттер-сателлиттер нейронның сыртын қаптап тұрады.Ал леммоциттер(Шван клеткалары) нейрондардың өсінділерін қаптайды.

Мультипотенциалды глия.Соңғы жылдары макроглия клеткасының 4-ші түрі анықталып,оған мультипотенциалды глия деген атақ берілді.Оның клеткасы ұсақ және өсінділері болады.Электронды микроскоп арқылы  оның цитоплазмасында жекеленген лизосоидарды табуға болады.

Микроглия клеткалары қанның моноциттерінен пайда болады.Микроглиоциттер  қантамырларының қасында кездеседі,өсінділері жіңішке болады.Олар белсенді түрде қозғалып фагоцит қызметін атқарады.Бұзылған және өлген нейрондар мен бактерияларды жұтып алып ыдыратады.Сонымен,микроглия қорғаныс қызметін атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет