1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Нерв ұлпасына жалпы сипаттама.Нерв ұлпасының биологиялық маңыздылығын түсіндіріңіз



бет54/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
42.Нерв ұлпасына жалпы сипаттама.Нерв ұлпасының биологиялық маңыздылығын түсіндіріңіз.

 Жалпы,нерв жүйесі адам организмі үшін өте маңызды.Яғни,нерв жүйесі организмнің барлық жүйелерінің қызметтерін реттейді,организмді сыртқы және ішкі ортамен байланыстырады.,сыртқы орта жағдайына бейімдеп отырады.Нерв жүйесінің негізгі бөлігі нерв ұлпасынан түзіледі.Нерв ұлпасының клеткалары 2түрге бөлінеді:нейрондар және глиоциттер.Нейрондардың негізгі қызметі тітіркену және қозуды өз бойымен өткізу.Ал нейроглия болса көмекші қызмет атқарады.Нейрондар өзінің пішіні және көлемі жағынан әр түрлі болып келеді.Бірақ әр нейронның денесі болады,оны перикарион деп атайды және бір немесе бірнеше өсінділері болады.Бір өсіндісі бар нейрон униполярлы,екі өсіндісі бар биполярлы,бірнеше өсіндісі бар мультиполярлы деп аталады.Нейрондардың өсінділері 2 типке бөлінеді:1)дендрит- тармақталған қысқа өсінді тітіркенуді қабылдап нейронның денесіне қарай өткізеді; 2)аксон-ұзын тармақталған өсінді импульсті нейронның денесінен басқа нейрондарға және басқа ұлпаларға жеткізеді.Аксонның нерв талшығы деп аталатын өсіндісі болады,ол жұлын мен мидан шығып,денедегі барлық мүшелерге таралып,сыртынан қабықпен қапталады.Нерв талшықтарының миелинді және миелинсіз деп аталатын 2 түрі болады.Әрбір миелинсіз талшықтың 3-5-ке дейін,кейде 12-ге дейін осьтік цилиндрлері болады.Ал осьтік цилиндр дегеніміз нерв талшығының ішіндегі нерв клеткасының өсіндісін айтамыз.Миелинді талшықтың болса,бір ғана осьтік цилиндрі болады.Нерв талшықтарының бәрі нерв ұштары деп аталатын соңғы бөліктермен аяқталады.Атқаратын қызметіне қарай нерв ұштарының 3тобын ажыратамыз:1)эффекторлы- қозғалғыш және секретрлы болып келеді.2)рецепторлы- сезімтал нейрондар дендриттерінің ұштық апараты.3)синапс-2 нейронның түйісетін жері. Нейронның цитоплазмасында көптеген митохондриялар кездеседі және Гольджи кешені өте жақсы дамыған.Атқаратын қызметіне байланысты нейрондардың 3түрін ажыратамыз:1)сезгіш немесе афферентті нейрондар биполярлы болып келеді,бір ұшы рецептормен,екінші ұшы мимен байланысады.2)орталық жүйке жүйесінде орналасатын қоспа нейрондар 3) жұмыс атқаратын мүшелерге дейін созылатын орталық жүйке жүйесінде жататын эфферентті нейрондар.Және нерв ұлпасының маңызды клеткасының бірі глиоциттер.Глиоциттер тірек,айыру,яғни изоляциялық,қоректік,гомеостатикалық және қорғаныс қызметін атқарады.Нейроглия макро және микроглиядан тұрады.Макроглия эктодермадан пайда болса,микроглия қанның моноциттерінен пайда болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет