1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны


) Ш. Айтматовтың Алғашқы ұстаз шығармасындағы ұстаз бейнесіне талдау жасаңыз



бет11/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
кмәтә сессия

15) Ш. Айтматовтың Алғашқы ұстаз шығармасындағы ұстаз бейнесіне талдау жасаңыз
Бүгінгі таңға дейін ұстаздық жолда өзгермес осындай қағидаларды оқушыларға ашып көрсеткен әдебиетімізде бір қатар шығармалар бар. Дәл осындай ұстаздық бейнені мәселен Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесіндегі Дүйсен образы арқылы көре аламыз. Ұстаз бейнесін оқырман қауымына автор шығарма барысында баяндаушының салған суретімен және оқиға желісімен жақсы танытады.
Дүйсеннен бүкіл баланы құшағына сыйдырып, мейірлене қарап, шуағын төгетін әке-анасындай алаңдайтын, жолына шырақ болатын, арманына жол сілтейтін ұстазға тән қасиеттің белгісін көреміз. Дүйсен ауылды үйме-үйме аралап, балаларды мектепке жиып, оқуды бастап кетті. Дүйсен кейінде ауылды үйме - үйге кіріп, балаларды мектепке жетектеп апарып жүрді. Алғашқы күні балаларды жерге төселген сабанға отырғызып, қолдарына бір - бір қалам, әрқайсына әдейлеп жасалған кішкентай тақтайша берді. Оқу үстелінсіз тізеге дәптер қайып жазудан бастап қаламсапты ұстатуға дейін үйретуге тырысты. Балаға керекті әрбір ұсақ - түйек затқа дейін ерінбей көмектесті. Дуйсеннің қолында әліппесі де жоқ шала сауаттты, екі сөзді әрең ежіктеп оқытудың тәртібі, жөн жобасы жөнінде ешқандай хабары да болмаса да оның жүрегінде өзі оқытқан саусақпен санарлық балаларға түсірер шырағы болды. Өзі жетпеген, көрмеген жарық, білімді, мәдениетті өмірге бір ауылдың қуысында жатқан қара көз қазақ балаларының жеткенін, көргенін қалады. Бойында асып - тасып жатпаған білімі болмасада өзінде барын оқушыларына үйреткісі келді. Әр балаға қалам ұстаудан бастап үйретіп, балалар түсінбеген қоғамда болып жатқан маңызды оқиғалар мен саяси сөздерге шейін түсіндіріп, жанын салып оқытуға әрекеттенді. Оның ақ пейілімен істеген әрекеті босқа кеткен жоқ. Өйткені ауылдың шетіне шығып көрмеген тау қойнауындағы қырғыз балалары үшін сол мектеп деп аталған, тесігінен жел азынаған, есігінен саңылауынан сонау алыстағы ақ қар жамылған тау шоқылары көрінген, ысқа малынған қотыр тамда құлақ есітіп, өз көрмеген дүние басталды. Балаларға үлкен үміт сыйлады. Жүрегінде балаларға деген мейірімі бар, балаларға деген ерекше жылулығы бар адам да, алып бара жатырған сауаты болмаса болмасын, алайда шәкірт тәрбиелеп, білімді тұлға шығаруға мүмкіндігі бар екенін көрсетті.
«Біз сонда Әулиеата, Ташкенттерден де зор Москва деген Ленин тұрған қала бар екенін, теңіздерде таудай кемелер жүзіп жүретінін, шамға қойылатын жермайдың жер астынан шығатынын білгенбіз», - деген (219б) тұстардан балалардың жаңа дүниемен танысып, соны көрсем, сол жерлерге барсам деген армандарын оятты. Балаларға болашақта халық байып, тұрмыс түзелгенде, үлкен мектептерің болады, ішінде әр қайсыңа жеке столдарың болады деген үміт сыйлады. Бұл ауыл баларының көзінің ашылуы көкірегінің ойауының бастамасы еді. Дүйсен бейнесін көре отырып ұстаз білім беруші тұлға деген бір жақты пікірден алшақтап шын мәнісінде ұстаз шәкіртін терең түсінетін көңіл - күйіне үңілетін, арман мақсаттарына қанат бітіретін, үміт сыйлатын жанашыр, қамқоршы адам екенін білеміз.
Балалар онын білімінен гөрі, адамгершілігін, өздеріне деген ілгері ниет, жақсы тілегін, бала болса да бағалап, қатты құрметтеді. Оған себепті шығарманың осы тұстарынан айқын көруге болады: «Бізді тізеден қар кешіп, сақылдаған сары аязда, қақаған борасында жетелеп, ауылдан шеткері мектепке барасыңдар, жаман тамда көк бұрыштай көгеріп отырып сабіқ оқисыңдар деп қыстаған ешкім болған жоқ. Үсті - басымызды кырау басып кетсе де шыдап, ылғи кезектесіп, бірі пешке от жағып қол аяғын жылытып жатқанда, қалғандары бас алмай Дүйсеннің айтқанын тындап, көрсеткенін үйреніп оқып отыратынбыз».
Дүйсен бір күні партияға өтуге, арыз беріп қайтуға болыстыққа үш күнге кетті. Сол үш күн табиғаттың ең долы ең қаһарлы күндерінің бірі болды. Ауыл маңының бәрін аш қасқырлар торуылдады. Дүйсен үшінші күні қайтып келемін деп баларға сөз берген еді. Жолда қасқырларға қамалып астындағы атын беріп жан сақтап әрең келді. Ұстаз сөзінде тұру керек, жалған сөйлемеуі тиіс, әр қашан үлгі болуы керек деген ой жолдың қиыншылығына қарамай Дүйсенді ауылға жетеледі. Шын мәнісінде Дүйсеннің ұстаздық жолында көптеген қиыншылықтар шықты. Ол барлығына шыдай білді, себебі жас бұлақтардың көзін ашу ұстаздық борышым деген ой түйді. Балаларды оқыту жолында өлімге де бас байлаған Дүйсен келбеті көпке үлгі боларлық.
Дүйсен Алтынайды қазақтың дарқан даласынан жаңа өмірге, жаңа күрес, жаңа еңбекке қарай шығарып салды. Алтынай Дүйсен айтқан үлкен қалада, үлкен мектептерде оқып, Рабфакты бітірді. Уақыт өтіп жатты, осы ұзақ жолдардың ішінде неше рет оқудың қиыншылығынан қалжырап жоғалардай болғанында, Дүйсеннің сөздері әр кез оған күш - қуат беріп, қайраттандырды, жігерлендіріп алға сүйреді. Дүйсен өзінің ұстаздық міндетін оқушыларының жан дүниесімен ұштастыра білді. Оның келбет Алтынайдың санасында өшпестей орын алды.
Шын мәнісінде сол қара лашықта оқыған әр бала Дүйсендей ұстаздың алдынан өткеніне қуанышты және қарыздар. Біз кейде ұмытпас нәрселерді ұмытып, ескірмес жау жарағын ескірді деп, оны пайдаланбай жүрміз. Өзіміздің тарихты ортайтып, жастарды тәрбиелеу ісінде көп кемшілік жіберіп келеміз. Кейбір жоғарғы білімді мәдениетті мұғалімдер Дүйсен сияқты өз мамандығын сүйіп, жүрек отымен соған берілсе, тамаша болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет