1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны


Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образдық талдау жасаңыз



бет7/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
кмәтә сессия

8. Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образдық талдау жасаңыз.
Сержан- анасы қалада жұмыс жасайтын болғандықтан, нағашы ата-әжесінің қолында тәрбие алып жүрген 4 жасар бала. Шығармада берілген сипаттамалар бойынша Сержан сүйкімді, қылықтары тәтті әрі ерке, өзі жалғыз ойнағанды ұнататын, көпшіл, зерек, ақылды бала.
Ол образ түрлерінің ішіндегі-романтикалық образға жатады. Кішкентай Сержанның бейнесі арқылы анасын сағынып жүрген қаншама баланың бар екенін көрсетеді.
Образ типіне қарай: эпикалық образдағы кейіпкер. Эпикалық образ жасауда, портрет, мінездеу, диалог пен монолог сынды тәсілдері арқылы кейіпкердің бейнесін ашып береді. Оның Есмағамбетпен ашық әңгіме айтуы, үстіне су жаңа ақ, футболка киген төрт жастар шамасындағы ер бала арнайы тіреу ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы кѳлеңкесінің бір шетінде құммен ойнап отыр екен деп сипаттама берілуі оның мейірімді, жүрегі таза бала екенін көрсетеді. Анасын жақсы көретіні және қатты сағынып жүргені шығармада оның анасына арнап қайта-қайта ән айтуынан, Есмағамбет атасы өзімен қалаға әкетпекші болғанында «мамам әкеліп берген киімдерімді кимеймін бе?» деп барлық киімдерін тізіп айтып шыққанынан, «мамамды тапқан соң, артынан папамды іздейміз бе?» деп қойған сұрақтарынан байқай аламыз.
Есмағамбеттің ауылға араға 4 жыл салып оралуынан оның туған жерін, туған-туысқандарын ұмыта бастағанын байқай аламыз. Сержанды еркелетіп, өзінің атасы мен апасы рұқсат етпейтін армандарын орындап, оны құшақтап, құшып-сүйгенінен, өзімен бірге қалаға алып кеткісі келгендігінен оның балажандығын да байқауға болады.

Балмағамбеттің оңашада көп қалатындығынан, көп уайымға салынып, арасында тығылып жылап алатындығынан ішінде үлкен мұң бар екенін түсінеміз. Ол өзінің еркектік мысын басым қойса да, ағытылып, ішіндегі мұңын айтқысы келетіндігін көре аламыз. Менің ойымща, Балмағамбет өмңрге аздап реніші бар кейіпкер сияқты.



9. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіне интерпретациялық талдау жасаңыз.
Жазушының алғашқы әңгімесі – «Күй аңызы». Т.Ахтанов өнер құдіретінің ботасы өлген бозінгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырғанын айтады. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне елтуі әңгімеде тартымды тілмен баяндалады.
Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті.)
Қырқа – ұзыннан ұзақ созылып жатқан биік жер, қыр.
Аруна – бір өркешті таза тұқымды түйенің ұрғашысы
Бошалап кету – ұрғашы малдың төлдеу алдында оңаша кетуі.
Тулақ – жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін кептірілген, қатырылған шикі тері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет