11.Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» әңгімесін уақыт және кеңістік тұрғысынан талдаңыз. Шығарманы уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау- кеңістік пен уақыт арқылы шығарманың үйлесімділігін көрсететін талдаудың түрі. Концептуалдық уақыт пен кеңістікке - табиғат, аспан денелері, қоршаған орта туралы біздің заманымызда жинақталған ұғымдар жатады . Енді шығармадан мысалдар келтірейік. -«Ал, кеттім сардина ұстап әкелуге, - деді бала. Ол қайта айналып келгенде, күн батып, ымырт үйіріліп қалған еді, шал орындықтың арқалығына арқасын сүйеп ұйықтап отыр екен.» «Шал кенет оянып кетті, ашық тұрған есіктен аспандағы айға көз салды » «Шал таңның жақын екенін сезді, қайығын ақырын ғана есіп келе жатты, бір мезгілде құлағына дірілдеген бір дыбыс шалынды.» «Күннің көзі теңіз бетінен сәл көтерілген кезде, шалға өзге қайықтар да айқын көрінді; бұлар төменіректе еді, кең тарапқа шашырай шыққанмен жағадан ұзамаған болатын.» «Күннің көзі биіктеп, сәске болды. Енді шығыс жаққа қарағанда, күн көзді онша ауырта қоймады. » «Алыс қалған жағалау көзге ұзын жасыл сызық сияқтанып елестеді, оның арғы жағынан көгілдір төбелер қарауытып тұрды, көкжиекпен астасқан бұлттар шұбатылған тау тізбегі секілді. » Яғни, уақыт пен кеңістікті анықтау арқылы оқиғаның реалдығына көз жеткіземіз.
12.М.Мағауиннің «Қосағаш» әңгімесін автор ізімен талдау жасаңыз «Қос Ағашта» бүкіл дала философиясының тамырының үзілуі мен қазақтың тағдыры тұспалданған. Мұнда лирика да, сыншыл сезім де, емеурін де бар. Бұл әңгімеде аспан мен дала, ата мен бала, арман мен өмір арасын байланыстырған ұлы аңсар бар. Ол аңсар жазушының ішкі аңсарымен астасқанда мәңгілік ел туралы сарынға айналып кетеді. Қос ағаш – қос өмір, қос тағдыр, қос әлем, қос қоғам. Қос ағаш – фәни мен бақидың арасындағы ұлы сарынды тамыр. Ол – өмір ағашы, көне түркіше Мықан ағашы. Ол – тамыры көкке, жапырағы жерге қараған жазмыш ағашы. Әңгімені оқығанда осындай ойлар оқырманды қармап алады. Автор ізімен талдау жасар болсақ, алдымен үш жасында барғанына шегініс жасап,естелігін атап өтеді.Тұмандардың арасындағы алыптай болған Қос Ағаш бейнесі басқа ағаштардан өзгеше бір жалғыздықта.Тарихи тұрғыдан Қос ағашты сипаттайды. Оның Абылай хан кейіннен Есім хан кезіннен бергі киелілігі баяндалады.Әр адамның өз естеліктерін айтуына байланыста уақыт та кеңістікте соған сай ауысып отыр.Уақыт өзгеріске түсіп өткен сайын киелі ағаштың құрметі түсті.Сызықтық хронотоп бойынша оқиға ретпен келе жатқандай,автордың жас кезеңдеріне байланысты ал шындығында автор шегініс жасап өткенді еске алуда.Аңыздарды еске түсіру арқылы автор кеңістікті ауыстырады. Сары сәуле шашып,алтындай болып көрінуі қос ағаштың бір қасиеті.Мың жыл бойы уақытқа дес бермей келген қос ағаштың мүжіліп емес өртеніп жоқ болуының да өзіндік себебі бар.Үстіңгі бұтағының тыныштықта опырылуыда оның қартайғандығы..Киелі ағашқа қиянат жасағандардың қарғысқа ұшырайтыны анық.Ағаш ауыл қауымына жаны ашып,өткен өмірін ой елегінен өткізіп ,өзі шешім қабылдайды.Мұндай ластанған заманда өмір сүре алмасы хақ.Қос Ағаш өмір ағашы іспетті..Шығармада берілген табиғат құбылыстары да ағаштың өміріне сай.
Басталуы – ағаштың тарихы
Дамуы – 3 жасында атасымен ағашқа баруы
Байланысуы – 9-сыныпта жүгері егуге келіп, ағашты көруі
Шиеленісуі – білім қуып, қалаға кетуі
Шарықтау шегі – ауылын сағынып, Қосағашты іздеуі
Шешімі – ағаштың өртенуі