1 Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған метафоралар


Көшбасшылықтың бойындағы қарапайымдылық қасиетінің маңыздылығын жаз



бет9/23
Дата19.10.2022
өлшемі52,54 Kb.
#44162
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Көшбасшылық сессия (копия)

29. Көшбасшылықтың бойындағы қарапайымдылық қасиетінің маңыздылығын жаз.
Ең мықты кӛшбасшылар – күшті және табанды, сонымен бірге қарапайым адамдар. Қарапайымдылық әлсіздікті немесе күмәншілдікті білдірмейді, ол адамның жеткілікті түрде ӛз күшіне сенімді екенін, ӛзінің және басқа адамдардың бағасын, құндылығын мойындай білетін, оларды қауіп түрінде кӛрмейтінін білдіреді. Қарапайымдылық ӛзінің дұрыс жасамағанын және барлық сұраққа жауап беруге қабілетті еместігін мойындауға мүмкіндік береді. Қарапайымдылық басқалардың сіңірген еңбегін мойындауға кӛмектеседі. Қарапайым кӛшбасшылар әрқашанда мықты болуға ұмтылатындығымен және оқып-үйренуін үзбейтіндігімен ерекшеленеді.
30. Оқушы ойындағы көшбасшылықты жандандыратын функцияларды тізбектеңіз
Оқушы бойында көшбасшылықты жандандыратын қажетті функциялар:
Конструктивті функция. Бұл функция қоғамдағы барлық адамдардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған, бірақ басқа қоғамның қызығушылықтарына нұқсан келтірмеу керек.
Ұйымдастыру функциясы. Өз тобының басқару жүйесін қалыптастыру, жұмыстарды біріктіру, қажетті процестер мен әрекеттерді жоспарлау. Мұнда көшбасшы бір жүйені қалыптастырады, міндеттерді бөледі, әрі қарай жүруі қадағаланады, тұлғааралық қарым-қатынасты реттейді, бәрін жауапкершілікке бағыттайды. Өз тобының басқару жүйесін қалыптастыру, қажетті тұлғаларды ризашылықпен біріктіру оқушы көшбасшылығының деңгейін танытады.
Координациялық функция. Топаралық әрекеттерді келістіру, бірігіп жұмыс атқаруға белсендендіру. Көшбасшы шешім қабылдайды, ортақ шешімге келтіреді және ортақ қоғамдық құндылық құрушы болып табылады.
Интерактивті функция. Мұндай көшбасшы айналасына өз ойымен, мақсатымен ортақтас адамдарды біріктіреді.
31.Көшбасшы бойындағы адалдық қасиеті не үшін керектігін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Адалдық. Адалдықтың негізінде шыншылдық жатыр. Бұл қасиет кез-келген жағдайда барлығына әрқашанда шынын айтуға талап етеді. Шынайылықтан сенім құрылады, бұл әрбір істің табыстылығына өте қажетті. Адал көшбасшылар өзінің әрекетіне, алатын нәтижесіне жауапкершілік алады. Көшбасшылар өзінің кінәсін басқалардың қателігі деп санамайды. Олар толығымен жауапкершілікті алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет