1 Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған метафоралар


Көшбасшылық қызметтеріне сипаттама жасаңыз



бет8/23
Дата19.10.2022
өлшемі52,54 Kb.
#44162
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
25. Көшбасшылық қызметтеріне сипаттама жасаңыз
Көшбасшы адамдарды жандандырады,мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
Көшбасшының қызметтері:
Тұлғалық;
Қылықтық;
Жағдайлық.
Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.
Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне байланысты болады.
Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.
26. Көшбасшының бойында кездесу керек қасиеттерді жаз
1)Интеллект
2) Көпшілік
3) Өзіне сенім
4) Төзімділік
5) Тепе- теңдік
6) Қаттылық
7)Шешім қабылдау қабілеті
8) Мақсаттылық
9) Жауапкершілік
10) Ұйымдастырушылық азыңыз.
27. Оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін жеке қасиеттерді анықтаңыз
Оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін жеке қасиеттер:
•қарым-қатынас орната білу;
•топты қалыптастыра, біріктіре білу;
•мақсатын анықтау;
•қажет тапсырмаларды беру және оны орындату;
•адамдардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын білу, оны қорғау;
•аз уақытта көп ақпаратты игере білу;
•белгілі біржағдайда шешім қабылдай алу;
•үлкен шығармашылық қасиеттер болу керек.
28. Көшбасшылықтың бойындағы мақсаттылық қасиетінің маңыздылығын жазыңыз.
Мақсатқа бағытталған көшбасшы (task-oriented leader) жұмыс жақсы, тиянақты орындалсын деп бақылайды. Бұл кезде қызметкерлердің сезімдері мен қызығушылықтары ескерілмейді
Мақсатқа бағытталған көшбасшылар бақылау деңгейінің өте жоғары немесе өте төмен кезде болуында тиімді болады деп анықталған. Бақылау жоғары болған кезде қызметкерлер жайдары болып жүреді. Ол кезде қызметкерлер жақсы көңіл-күйде болады, олардың бұл уақыттағы эмоционалдық жағдайы туралы алаңдаудың еш қажеті де болмайды. Осы жағдайда көшбасшы алдына қойған мақсаттарға жету жолында үлкен жетістіктерге жете алады. Егер бақылау деңгейі төмен болса, тапсырмаға бағытталған көшбасшыға орын алған жағдайды түзету үшін қызметкерлер жұмысын одан да жақсы ұйымдастыруға болады. Ол өзіне берілген міндеттерді қолданып, басқаларға бұйрық беру арқылы ортада пайда болған жайсыздық пен түсініксіз жұмыс ортасын болдырмау мақсатында белгілі бір тәртіпті енгізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет